Загрузка...
Категории:

Загрузка...

Вестник КазНУ

Загрузка...
Поиск по сайту:


страница2/16
Дата17.03.2012
Размер3.33 Mb.
ТипДокументы
Современные проблемы международных отношений
Подобный материал:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Раздел 1

^

СОВРЕМЕННЫЕ ПРОБЛЕМЫ

МЕЖДУНАРОДНЫХ ОТНОШЕНИЙ




Е.Б. Ахметов


ӘСКЕРИ ІС-ҚИМЫЛДАРДЫ ЖҮРГІЗУ ЕРЕЖЕЛЕРІНІҢ ЗАҢИ РЕГЛАМЕНТТЕЛУІНІҢ ТАРИХИ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚЫРЛАРЫ


Қарулы қақтығыстардың құқықтық регламенттелуі мен әскери қылмысқа қарсы күресті мемлекетаралық ынтымақтастықты дамыту мен қалпына келтіруге қатысты көкейкесті сұрақтарды талдауға кіріспес бұрын, мына сауалдарды қою қажет деп көруге болады. Негізінен, «әскери қылмыстар» деген түсініктің өзі қашан пайда болды? Осы фактінің құжат жүзіндегі куәгерлік күшін, шамамен болсын, анықтауға бола ма? Осы қылмыстардың заңдық құрылымын ғана емес, алғашқы түсінігі де берілетін нақты дереккөздерді қайдан іздеуге болады?

Бұл сұрақтарға жауап беру үшін, алдымен, соғыс деген түсініктің өзін анықтап алу қажет, яғни әскери қылмыстар өздігінен соғыс кезінде жүзеге асатыны анық және бұл қылмыстар белгілі бір әскери ережелерге сай орындалады.

Атап өту қажет, адамзат тарихының барлық кезеңдерінде соғыс феноменінің мағынасына моральдық баға беруге тырысушылық, біржақты шайқасты тиімді қолдану әдістерін жасап шығару және соғысты шектеу әрекеттерін іздеу деген ұғымдар енеді.

Осы зерттеудегі қойылған мақсаттар мен талаптарды орындауға үлкен қызығушылық пен тікелей мағына беру соғыстың тарихи-құқықтық аспектілеріне ие болады деп ойлаймыз.

Ереже бойынша, соғыс деген – бұл, үлкен топтар немесе адамдар шоғырының арасындағы (мемлекеттер, ұлыстар, партиялар) қарулы қақтығыстар. Бұған соғыс былыққан түрде жүрмейтінін қосуға болады, кез келген қарулы қақтығыс соғысушы тараптардың міндеттерін қарастыратын халықаралық құқық нормаларымен және заңдармен қадағаланып отырады.

Бірақ, өкінішке орай, адамзат дамуының барлық кезеңі әртүрлі масштабтағы қақтығыстар мен соғыстарға толы болған. Бізге белгілі қоғамның 95%-ына дейін соғысқа ішкі және сыртқы жанжалдарды шешу үшін барған, соғыстар жеке мемлекеттердің империялық мұқтаждықтарын білдіретін басып алушылық сипатты алып жүрді. Ғалымдардың есептеуі бойынша, соңғы елу алты ғасырда шамамен 14500 соғыс болып, онда 3,5 миллиардқа жуық адам қаза тапты.

Антик дәуірінде, орта ғасырлар мен жаңа дәуірде кең тараған сенім бойынша, алғашқы қауымдық құрылыс кезеңі – адамзат тарихындағы бірден-бір бейбіт кезең, ал алғашқы қауым адамы қандай да бір жауынгерлік және агрессивтілік қасиеттен жұрдай жаратылыс ретінде ұғынылады. Соған қоса, Еуропадағы, Солтүстік Америка мен Солтүстік Африкадағы тұрақтарды жаңа археологиялық зерттеулер нәтижесінде табылған айғақтар қарама-қарсы пікірді алға шығарады: қарулы қақтығыстар неондерталь кезеңінде де болған. Қазіргі заманғы аңшы ұрпақтары мен жинаушыларды этнографиялық зерттеу, көп жағдайда неондертальдықтар (зулустар, дагамейлер, солтүстік америкалық үнділер, эскимостар, Жаңа Гвинея ұлыстары) өмірінде көршілеріне шабуыл жасау, мүлік пен әйелдерді зорлықпен тартып алу сияқты қылмыстар өмірдің ащы шындығы. Осыған сай, қарудың алғашқы түрлерін (дуышқа, шоқпар) алғашқы қауым адамы б.з.д. 35 мың жыл алдында қолданған, дегенмен топтық шайқастың ең алғашқы көріністерін б.з.д. 12 мыңжылдық деп белгіленеді, осы уақыттан бастап соғыс жайлы айтуға болады [1].

Алғашқы қауымдық құрылыста соғыстың жандануын, біріншіден, садақ, сақтан сияқты арақашықтықты сақтап, соғыс жүргізуге болатын құралдардың пайда болуымен байланыстыруға болады. Осылайша, осы уақыттан бастап күресушілердің дене күші негізгі мағынаға ие бола алмай қалды, үлкен рөлді жауынгерлердің ептілігі мен қашықтылығы ала бастады. Бірақ, ең маңыздысы, соғыстың қатты ритуализациялануы есебінен (көптеген табу мен тыйымдар), енді үлкен деңгейде оның ұзақтығын шектейтін және үлкен жоғалтуларды (адамдардың қаза болуы) шектейтін белгілі бір қалыпты құқықтық қалыпқа түседі [2].

Соғыс эволюциясының белгілі факторы болып жануарларды қолға үйрету мен бірінші кезекте, аңдарды әскери мақсатта қолдану табылады. Бұл көшпенділерге атты әскерге ие болу мүмкіндігін берді. Олардың аяқасты қалуынан қорғау қажеттілігі, өз кезегінде, фортификацияның пайда болуына әкелді. Фортификацияның бірінші негізгі айғағы - бұл Иерихонның бекініс қабырғаларын қалау (б.з.д. 8 мыңжылдық шамасында).

Соғыс жауынгерлерінің саны бірте-бірте көз алдында өсе берді. Дегенмен, зерттеушілер арасында тарихқа дейінгі «әскерлердің» саны жөнінде бірыңғай пікір жоқ: сандар оншақтыдан бірнеше жүздеген жауынгерге дейін өзгереді. Соған қоса, мемлекеттердің пайда болуы прогреске апарды және әскери ұйымдар дамыды. Осыған қоса, ауылшаруашылық өндірісінің өсімі ежелгі қоғам элитасына әскерилендірген қалыптардың жауынгерлік саналарын көтеруге, әскер саны мен көлемін үлкейтуге мүмкіндік беретін барлық құралдар мен ресурстарды қолға алуға жағдай туғызды. Бұған осы уақыт кезінде жауынгерлерді дайындау мен оларға әскери өнерді үйретуге уақыт және назар көп аударылғанын қосып айтуға болады. Алғашқы кәсіби әскери бірлестіктер пайда бола бастады. Егер, мысалы үшін, шумерлік қала-мемлекеттердің әскерлері кішігірім шаруалық жасақтарға ие болса, кейінгі ежелгі шығыстық монархиялар (Қытай, Жаңа патшалық Мысыр) жеткілікті деңгейде қамтамасыз етілген әскери күштерге ие болатын [3].

Тарихи ракурсты жалғастыра отырып, атап өту керек, антикалық және ежелгі шығыстық әскердің негізгі құрамасы, алдымен, соғыс алаңына былыққан той ретінде әсер ететін, бірақ кейіннен байыппен ұйымдастырылған жауынгерлік бірлікке айналған (Македон фалангасы, Рим легионы) жаяу әскер болып табылады. Әр кезеңде соғыс түрінің басқалары да маңызды мағынаға ие бола бастады, мысалы жауынгерлік жорықтарда ассириялықтардың жауынгерлік арбалары аздап рөл ойнайтын.

Уақыт өте келе, ең алдымен финикиялықтарда, гректер және карфагендіктерде мағынасы артқан теңіз әскери флоттарына қажеттілік өсті. Тарихқа белгілі алғашқы теңіз қақтығысы шамамен б.з.д. 1210 жылы хеттер мен киприоттар арасында болған.

Қарулану аясында да прогресс айқын бола бастады. Әскерде жаңа материалдар қолданылып, қарулардың жаңа түрлері ойлап табыла бастады. Жаңа патшалық дәуіріндегі Мысыр әскерінің жеңісін қоланың шығарылуы қамтамасыз етті, ал темір алғашқы ежелгі шығыстық империя – Жаңа Ассирия мемлекетінің пайда болуына негіз болды. Енді садақ, найза және шоқпар сынды қарулардың орнына, қолданысқа қылыш, секира, қанжар, дротик атты қарулар ене бастады. Бекіністі алатын қарулар пайда болды, бұларды өңдеу және қолдану элиндік дәуірде (катапульталар, тарандар, қоршаудағы қамалдар) шыңына жетті.

Белгілеп өту қажет, соғыстар бірте-бірте елеулі пәрменге және масштабты характерге ие бола бастады. Енді өз ортасына мемлекеттердің үлкен мөлшерін ала бастады. Ең үлкен ежелгі қарулы қақтығыстар деп Жаңа Ассирия хандығының соғыстарын (VIII-VII ғғ. жартысы), грек-парсы соғыстарын (б.з.д. 500-449 жж.), Пелопоннесс соғысын (б.з.д. 431-404 жж.), Ескендір Зұлқарнайын (Александр Македонский – автордың белгілеуі) жорықтарын (б.з.д. 334-323 жж.) және Пуника соғыстарын (б.з.д. 264-146 жж.) айта аламыз [4].

Орта ғасырларда, дәл айтсақ VIII ғасырдан бастап, жаяу әскер өз біріншілігін үзеңгінің шығуына әкелген кавалерияға берді. Бұл дәуірде соғыс масштабтары антик дәуірмен салыстырғанда шегерілді. Соғыс қымбат әрі элитарлық іске айналды және жауынгерлерді ұзақ үйрету есебінен мамандандырылған сипатқа ие бола бастады.

Осы кезде айта кетуге болатын жайт, классикалық орта ғасырдың (XIV-XV ғғ.) аяғында орталықтандырылған мемлекеттердің пайда болуы нәтижесінде, әскерлердің саны белгілі мөлшерде көбейді, жаяу әскердің мағынасы көтерілді. Мысалы үшін, белгілі жай, Жүзжылдық соғыста ағылшындардың сәттілігін садақшылар қамтамасыз етті. Осы дәуірдің ең үлкен масштабты соғыстары Реконкиста (718-1492 жж.), Крест жорығы және Жүзжылдық соғыс (1337-1453 жж.) болып табылады [5].

Әскер тарихындағы бет бұрыс кезең деп XV ғасырдың ортасынан бастап Еуропада оқ-дәрінің және оқшашар қарудың (аркебуз, пушка) пайда болған уақытын айтамыз. Оларды ең алғаш рет Азенкурадағы шайқаста (1415 ж.) қолданған. Бұдан былай әскери техника деңгейі мен әскердің жабдықталғандығы толығымен соғыстың болуының маңызды көрсеткішіне айналды. Соңғы ортағасырда (XVII ғ. бірінші жартысы мен XVI ғ. аяғы) еуропалықтардың технологиялық мүмкіндіктері, оларға өз континентінен тыс жерлерге экспансия ашуға және Шығыстың көшпенді ұлыстарының көтерілісіне бір уақытта шек қоюға мүмкіндік берді. XVI-XVII ғғ. ең үлкен қарулы қақтығыстарына, бәрімізге белгілі, Итальян соғыстарын (1494-1551 жж.) және Отызжылдық соғысты (1618-1648 жж.) жатқызамыз [6].

Келесі жүзжылдықтарда соғыс табиғаты жасыруға келмейтін түбегейлі, түбірлі өзгерістерге ұшырады. Әскери техниканың жаңа түрлерін (XVII ғ. қарапайым мушкеттен XXI ғ. басындағы атомды суасты кемелеріне дейін) жасауда үлкен прогресс көрінеді. Қарулардың мүлдем бөлек, жаңа түрлері (зымырандық жүйелер, зымыранға қарсы қорғаныс жүйесі және т.б.) әскери қарсылықтардың арақашықтық сипатын өзгертті. Соғыс көпшілік бола бастады: рекруттық жинау институты және оның орнын басып, XIX ғ. бастап келген, жалпы әскери міндеттік институты, әскерді шындығында да жалпыхалықтық (I дүниежүзілік соғыста 70 млн адам, II дүниежүзілік соғыста 110 млн. жоғары адам қатысты) етті. Бұған қоса, соғысқа енді барлық қоғам (II дүниежүзілік соғыс кезінде КСРО мен АҚШ-тағы әйел және бала еңбегі) тартылды. Осыған орай, соғыс құрбандарының саны да арта түсті: егер XVII ғ. олар 3,3 миллионды құраса, XVIII ғ. - 5,4 млн, XIX ғ.-XX ғ. басы - 5,7 млн, I дүниежүзілік соғыста 9 млн шамасында, ал II дүниежүзілік соғыста 50 миллионнан жоғары [7].

Біздің көзқарасымыз бойынша, XX ғасырдың аяғы мен XXI ғасыр басы жауласушы тараптардың мүмкіндіктерінің тең болмау жағдайы туындауынан, басқаша атап айтсақ, «асимметриялық соғыстардың» бар болуымен сипатталады. Бірақ, әсіресе біздің дәуірде мұндай соғыстар қауіптірек деп танылады, себебі әлсіз жақ ойламаған және айтылмаған әрекеттерге жүгінуі мүмкін, мысалы террорлық әрекеттер.

Қарулану аясында ғылыми-техникалық прогрестің өркендеуіне байланысты соғыс сипаттарының өзгеруі, II дүниежүзілік соғыстың нәтижелері, барлық прогрессивті адамзатты әскерге қарсы кампания ашу туралы ойлануға мәжбүр етті. Бұл Ұлттар Лигасы шығармашылығында, кейіннен БҰҰ-ның идеялық қағидаларынан көрініс тапты. Әсіресе, БҰҰ-ның құрылуымен, оған шынайы қорғаушының және бүкіл әлемде үлкен масштабты қарулы қақтығысқа жол бермеуге қадағалау жүргізетін бірден-бір қол қанаттың рөлін болжады. Оның айғағы ретінде осы ұйымның Жарғысындағы талаптың бірін «болашақ ұрпақтарды соғыс зардаптарынан қорғау» деп ұғынуға болады. Осы ұйымның тікелей қатысуымен, БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 1974 жылы алғашқы болып «әскери агрессияны» адамзатқа қарсы қылмыстар қатарына жатқызуды және көптеген дүниежүзі мемлекеттерінің заңнамаларында соғыстан сөзсіз бас тартуға байланысты заңдар мен қағидаларды қабылдауды ұйғарды.

Әскери әрекеттерді жүргізудің заңдық регламенттелуі жайлы айта келе, қарулы қақтығыстарға байланысты бірінші шектеулер ежелгі кезде қолданысқа енгізілген болатын. Дереккөздерге сүйенетін болсақ, б.з.д. VI ғ. Қытайда және б.з.д. 200 ж. Үндістанда [8].

Осылардың арасында Ежелгі Грециядағы сол және басқа әскери әрекеттерді шектеуге бағытталған белгілі ережелерді қолдану тәжірибесі анық бақыланады.

Гректердің өзара соғыстарында қолданылып жүрген, дәл осы кезеңде соғыстың белгілі бір заңдары жасалынды (мысалы, Афина мен Спарта арасындағы Пелопоннесс соғысы барысында) [9].

Ежелгі Рим тарихында «соғыс ережелерін орнату қажеттілігі Рим жүргізген үздіксіз соғыстармен ғана емес, римдіктердің тума тасбауырлығымен де айтылады. Бұдан бөлек болған соғыстарда қантөгіс көп болды, себебі дәрігерлік көмек пен санитарлық жағдайдың жоқ болуына байланысты» [10].

Еске салып өтсек, ортағасырда Еуропада алғашқы әскери қылмыстар жайлы сот процесі Австрияда 1474 ж. соғыс кезінде жасаған айуандығы үшін Петер фон Сатенбех үстінен болды, ол өлім жазасына кесілген еді [11].

Осылайша, қарулы қақтығыстар кезінде жауласушы тараптардың белгілі әрекеттерін шектейтін прогрессивті нормалар Еуропада қарқынды дамуда болды. Себебі, ең алғашқы өте қорқынышты соғыстар осы жерлерде бет алған болатын. Қазіргі заманғы халықаралық құқық бірыңғай түрде жалшылықты халықаралық құқықтың нормаларын бұзу әрекеті деп қабылдайды. Ереже бойынша жалшылар өздерінің негізгі қызметін қарулы қақтығыстарда белгілі бір сыйақы үшін орындайды. Олар ресми түрде мемлекеттің қарулы күштерінің қатарына кірмейді. Сондай-ақ, жалшы ретінде белгілі бір тәжірибесі мен әскери өнерге ие адамдар ғана тартылады. Мысал ретінде, Шешенстандағы соғыста биотлонист әйелдерді қарулы қақтығыстарға үнемі қатыстырып, жалдап отырған. Себебі, олар снайперлік қаруды еркін меңгерген және өздерінің спорттық кабілетін әскери операциялар кезінде пайдалану мүмкіндігіне ие.

Жоғарыда басталған ойды жалғастырып келе, ортағасырда Еуропа тарихында, қарулы қақтығыстарда қолданылатын шектен тыс қатал әскери қолданыстар қабылданды, мұндай объективті қайта қарау және соғыстың белгісіз ізгілігін жақсылап ойлауға мүмкіндік береді. Осылайша, қарулы қақтығыстардың регламенттелуінің қажеттілігін түсіну пайда болды. Қарулы қақтығыс кезінде соғыс салттары мен заңдарын бақыламау және қатаң өрескел бұзу, жауласушы тараптардың кез келген адамдық қасиеттерін жояды. Кез келген соғыстың «халықаралық құқық бұзушылық» сипатын есептей келе, біз қарулы қақтығыстардың заңдық регламенттерінің реттелуіндегі бастаушы рөлді халықаралық құқық анықтайды деген әділ ойды айтуға болады. Сондай-ақ, бұған дәлел, халықаралық нормативті қалыпқа түсірудің тәжірибесі, бұл тәжірибе халықаралык құқық нормаларына осыдан бірнеше ғасыр бұрын енгізілген болатын.

Осыған сай, біз соғысты жүргізу ережелерін заңды регламентациялау сұрақтарында мемлекеттік құқықтың рөлін шектемейміз. Мысал ретінде, 1863 жылы ұлты неміс, атақты америкалық халықаралық заңгер Ф. Либер тарапынан жасалған, көбіне «Либер Кодексі» деген атпен белгілі, АҚШ-тың дала әскеріне нұсқауын айтуға болады.

Либер Кодексі алғашқы кезде 1863 ж. АҚШ Президенті тарапынан жарияланды. Бұл елде 1861 жылдан 1865 жылға дейін Солтүстік пен Оңтүстік арасында соғыс жүрді. Либер Кодексі құрлықтағы соғыстың барлық аспектілеріне қатысты, жауынгерлік әрекетті бастау тәсілдерінен бастап адамдардың ерекше категорияларына дейін, мысалы, әскери тұтқындар, жараланғандар, партизандар (франтирерлер) және басқаларға қалай қарым-қатынас жасау керек дегенге толық ережелер берген.

Қосымша ретінде, тек осы мемлекетішілік құқықтық актіде бірінші болып сарбаздардың соғыс жүргізу құқықтарын бұзған жағдайда, оларды соттық қудалау керектігі ережесі көрініс тапқан [12]. Осылайша, Либер Кодексі жалпы түрде, соғыс жүргізу ережелерін бекітетін заңдық процеске, елеулі әсерін тигізді.

Халықаралық құқықта алғаш рет қарулы қақтығыстарды дұрыс жүргізу ережелері
1899 жылғы Гаага конвенцияларында бекітілген және Гаага конвенцияларына қосымша
1907 жылғы Құрлықтағы соғыстың дәстүрлері мен заңдары жайлы ережелер жинағында көрсетілген.

Атап айтсақ, жоғарыда айтылған құжаттарда соғысты жүргізудің ережелері айқындалған:

  • артық жәбір көрсетуге қабілетті улы қаруларды немесе қарудың басқа түрлерін қолдану;

  • қалалар мен ауылдарды негізсіз қирату немесе тегістеу, егер бұл әрекеттер әскери қажеттіліктен туындамаса;

  • қандай да бір тәсілдермен қорғаусыз қалаларға, қыстақтарға, түрғылықты мекендерге немесе құрылыстарға шабуылдау немесе оларды бомбылау;

  • қоғамдық немесе жеке меншік мүлкін қирату;

  • екіжүзділік;

  • ешкімді тірі қалдырмауға шығарылған бұйрық;

  • кісі өлтіру немесе қаруын тастап не болмаса қорғануға қажетті құралдарға ие болмай, сөзсіз берілген дұшпанға зақым келтіру;

  • дұшпан жақтың парламенттік немесе ұлттық жалауын, әскери белгілері мен формалық киімдерін заңсыз қолдану және т.б. [13].

Осыған байланысты, біраз уақыт бұрын, 1864 жылы Женевада Құрлықтағы соғыста жараланған және ауыр халдегі жауынгерлердің жағдайларын жақсарту туралы Конвенция қабылданады. Бұл Конвенцияның ең негізгі ерекшеліктері мыналар болып табылады: құрлықтағы соғыс жағдайында санитарлық көліктер мен далалық госпитальдар «жауласу-шылардың барлық қатысушыларының тарпынан қорғау мен жақтаушылыққа жатады, науқастар мен жараланғандарға баспана беріп, бейтарап түрде қабылданады»; «дәрігерлік және санитарлық қызметшілер атылмайды немесе тұтқынға алынбайды, сондай-ақ өзінің міндеттерін майданда көмек көрсетуге зәру соңғы жаралы қалғанша атқара отырып, бейтарап мәртебе мүмкіндігін алады»; «жараланған және науқас командирлерге, олар қай тарапқа жатпасын, қажетті күтім көрсету және кезегі бойынша соңғысы, бірақ маңыздылығы жөнінен емес, қатынасушы елдер» жараланғандардың эвакуациясы мен күтімімен шұғылданатын госпитальдер, санитарлық көліктер мен бөлімшелердің жеке құрылымы «ақ фондағы қызыл крест» белгісі бар, бірыңғай үлгідегі қол таңғыш немесе ерекше белгісі бар жалауға ие болады деп келісіп алған [14].

Соғыс жүргізуде белгілі бір құралдар мен тәсілдерді шектеу және оларға тыйым салу қағидалары мен нормаларын әрі қарай кодификациялау ісіндегі белгілі оқиға 1868 жылы Санкт-Петербург қаласында қабылданған Жарылғыш және жанғыш оқтарды қолдануды болдырмау туралы Декларация болды. Бұл Декларация көптеген қатынастарда Либер Кодексіне толығымен қарама-қарсы болды. Ол уақытта Кодекс секілді мемлекеттің ішкі заңдарының бөлігіне айналған, бірбеткей ретте жарияланған, үлкен сұраулар шеңберін туғызған Декларация соғыс жүргізудің өте ерекше бір ғана аспектісіне қатысты халықаралық келісімшарт болып есептелінді. Келісімшарттың тақырыбы бұған дейін қолда бар, ауыр емес салмақтағы жарылғыш немесе жанғыш снарядтарды ұзақ қолданбау туралы болды. Бұл уақытта жаңа оқ-дәрілердің, әсіресе, жарылғыш винтовкалық оқтардың әсерлері шынайы шайқас жағдайларында сыналып қойған еді. Дұшпанның жанды күшіне қарсы қолданылатын жаңа оқ-дәрілер, кәдімгі винтовка оқтарынан тиімді емес болатын: негізінде, жарылғыш оқ қатардан (hors de combat) тек бір ғана дұшпан жауынгерін құртуы мүмкін. Мұндай оқпен жаралану өте ауыр және жаралы адамның жарасын әрі қарай ұлғайта түседі [15].

1868 жылы Санкт-Петербургте Ресей билігінің ынтасы бойынша «дамыған мемлекеттердің арасындағы соғыс кезінде заманауи, жоғарғы деңгейдегі снарядтарды қолдануды шектеу мүмкіндігін қарастыру мақсатында» жиналған халықаралық әскери комиссия өте қысқа мерзімде, снарядтардың жаңа түрлерін қолдануға тыйым салу керек деген шешімге келді. Комиссия өз шешімін келесі қызықсыз емес талқылар тізбегіне негіздеп шығарды. «Цивилизацияның табыстары мүмкіндігінше соғыс ауыртпалықтарын азайтуы керек» дегенді айтудан бастап, комиссия «соғыс уақытысында мемлекеттер ие болуға тиіс жалғыз заңды мақсат дұшпанның әскери күшін әлсіретуге бағытталған» деп жариялады. Бұл үшін «саптан, мүмкіндігінше көбірек адамды шығарудың өзі толық жеткілікті», ал «дұшпандарды өлтіретін немесе көптеген адамдарды жаралап, оларды саптан шығаратын мұндай құралды қолдану, аталған мақсатты қабылдауға сәйкес емес». Бұл қаруды қолдану «адамзатты сүю заңдарына қайшы келетін» еді [16].

Комиссияның көзқарасы бойынша, қарастырылып отырған снарядтар осы анықтамаға сай келгендіктен, оның мүшелеріне тек «адамды сүю талаптарының алдында соғыс қажеттіліктері тоқтайтын техникалық шекараларды» жалға қою ғана қалды. Бұл әдейі математикалық дәлдікпен жасалған: сынды түрде 400 грамм салмаққа жарияланды. Шектеу, шыны керек, азды не көпті мөлшерде ерікті болды: винтовка оғы азырақ тартатын еді де, ал артиллерия снарядтары ол уақытта белгілі мөлшерде ауыр болды. Бұдан шығатын осы екі соңғы өлшемнің аралығындағы шекаралық белгіде болды. Қарсыластың жанды күшіне қарсы қолданылатын, ол уақыттың жарылғыш артиллериялық снарядтары ауыр жарақат әкелуге себеп болуы мүмкін, тіпті кейде «саптан шығарылған адамдардың өліміне сөзсіз себеп» болуы мүмкін, бұлар саптан бір командирден аса шығарып жіберуге қабілетті, осылайша, винтовкалық оқ болғанымен, қарудың басқа класына жатады. Және бір маңызды түсініктердің бірі болып, жарылғыш артиллериялық снарядтарды қолдану мүлдем басқа мәселелерді шешу үшін қажет деген пікір айтылады. Осыған сәйкес, бұл снарядтар берілген шектеу әсерінен тыс аймақтарда қалу қажеттілігінен, осы жағдайда әскери қажеттілік пен гуманистік талаптардың арақатынасы бөлек болып қалатын еді.

1907 жылғы әлемнің екінші халықаралық конференциясында Соғыс кезіндегі теңіз күштері тарапынан бомбалау туралы Конвенция (IX) қабылданды. Конвенцияның кіріспе бабы Гаага заңнамасының 25-бабында айтылғандарды қайталап, қорғаусыз қалаларды бомбалауға тыйым салды. Сосын, конвенцияның 2-ші бабында қорғаусыз қалалардың аумағында орналасқан бомбалауға тыйым салынбайтын әскери объектілерді (әскери теңіз қызметтері немесе қарсыластар тарапынан оның әскери қажеттілігіне жарайтын шеберханалар) анықтауға мән берілген. Бұдан шығатын қорытынды, сол кездің өзінде-ақ соғыс кемелерінің артиллериясы, әскери авиация ақырын орындайтын мәселелерді тез орындауға көзделген. Сондықтан да 2-ші бапта жазылған заңдар ерекше қызығушылық танытады, не болмаса, соңғы әскери-техникалық жетістіктерді таңдандырады (өкінішке орай, конвенцияның 3-ші бабы, егер жергілікті билік сол уақытта теңіз күштері үшін қажет азық-түлік қорының реквизицияларын мойынұсынса, ол жағдайда қорғаусыз қалалардың барлық аумағын бомбалауға рұқсат береді, бұл, әрине қазіргі көзқарас бойынша, сөзсіз сәтті жағдай) [17].

Сондай-ақ, механикалық тиюден автоматты түрде жарылатын суасты миналарын орнату туралы конвенцияның (VIII) мәнін (бұл айтылған миналардың қолданылуына бірнеше шектеулер енгізді) және бейтарап мемлекеттер мен қарсылас мемлекеттердің сауда флоттарының қызығушылығын ояту мәселелері бойынша бірнеше Конвенцияларды атап өту маңызды. Осылардың ішіндегі ең белгілісі – Халықаралық сыйлық палатасын (Международная призовая палата – автордың белгілеуі) құру туралы Конвенция (XII). Бірақ, негізгі мәселе, екі қызығушылық танытқан мемлекеттердің арасында маңызды заңдарға қатысты, қоршауды орнату мен алу тәртібін реттейтін, контрабандаменен күресті, тексеру, тінту, және т.б. жою мәселелері бойынша келісімге келмеу болды. Бұл ортақ келісімге келмеген аумақ 1907 жылы жүйесіз күйде қалды. 1909 жылы Лондон қаласында Әскери-теңіз конференциясы өтті, мұнда жоғарыда шешімі табылмаған мәселелерге тиімді жауап табылып, оларды теңіз соғысының заңдарына қатысты Декларацияны іске асыруға мүмкіндік туды. Өкінішке орай, Декларация бекітілгенімен, осының салдарынан Халықаралық сыйлық палатасын құру туралы Конвенция бекітілмей қалды [18].

Сонымен бірге 1925 жылы соғыс кезінде тұншықтыратын улы және басқа да сол сияқты газдар мен бактериологиялық құралдарды қолдануға тыйым салу туралы Протоколдың қабылдануы маңызды болды. 1925 ж. Протоколдың преамбуласында көрсетілгендей, адамзат қоғамы соғыс жүргізуді және химиялық құралдарды қолдануды қатаң кінәлады және
1925 жылғы Конференцияның қатысушылары еш күмәнсіз мұны шектеп тастады. Соғыс жүргізуде бактериологиялық құралдарды қолдануға тыйым салу солардың тарапынан құралып қосылды. Айта кететін жайт, бұл уақытта соғыс жүргізудің сол сияқты құралдары алдыңғыдай, теориялық мүмкіншілік ретінде қалды [19].

Содан әрі, әскери қылмыстардың құрамы, бүгінге дейін 1949 жылғы соғыс құрбандары жайлы Женева конвенцияларында және 1977 жылғы Толықтырғыш протоколдарда өз көрінісін табады.

Осыған сәйкес, бұл жерде Женева конвенциялары мен оларды толықтыратын екі протокол да дәл осы уақытта соғыстың жеке заңдары мен дәстүрлерін маңызды әскери қылмыс ретінде бұзатын берік құқықтық базаны құрды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық гуманитарлық құқық кодификацияланған 1949 ж. Женева конвенциялары тарихта бірінші рет әскери қылмыстардың толық тізімін береді. Женева конвенцияларының төрттен біреуі: «Қызмет етіп жатқан әскерлердегі науқастар мен жаралылардың жағдайларын жақсарту туралы» (I Женева конвенциясы); «Теңіз қарулы күштерінің құрамындағы кеме апатына ұшыраған адамдардың, аурулар мен жаралылардың жағдайын жақсарту туралы» (II Женева конвенциясы); «Әскери тұтқындармен қалай қарым-қатынаста болу туралы» (III Женева конвенциясы); «Соғыс кезінде тұрғылықты азаматтарды қорғау туралы» (IV Женева конвенциясы) - қазіргі кезде халықаралық құқықта бірегей әскери қылмыс деп белгіленген ережелер, әскери әрекеттерді жасау құралдарының «маңызды тәртіп бұзушылықтарының» тізімін құрайды [20].

Бірақ, бәрімізге мәлім, әлемге қарсы қылмыс ретінде агрессия жайлы, бірнеше уақыт бұрын, 1919 жылы Версаль бейбіт келісімшартында айтылған болатын. Одан бұрын, баршамызға белгілі 1918 жылдың 11 қарашасында әскери қылмыскерлерді жауапкершілікке тартуды жолға қою мақсатында Одақтық комиссия құрылған еді [21].

Осылай, атап өту керек, Вильгельм II жасаған қылмыс үшін жауапкершілікке тарту мәселесі «Санкциялар» дегенді білдіретін (227-230 баптар). Бұл қылмыстарға Версаль бейбіт келісімшартының 7 бөлімі арналған болатын. Мұнда тікелей былай бекітілген: «Одақтық және біріккен державалар, бұрынғы Герман императоры Вильгельм II Гогенцоллерге халықаралық келісімнің моралі мен қасиетті күшіне қатты тіл тигізгені үшін қоғамдық айып жариялайды (227-бап)» [22].

Қарастырылып отырған келісімнің 228-бабында, одақтық және біріккен мемлекеттерге әскери сотқа кайзер сыбайластары, соғыс дәстүрлері мен заңдарына қарсы айыпкердің әрекеттерін беруге құқықты бекітеді. Сондай-ақ, осы мақсатта бес соттан (АҚШ-тан, Ұлыбританиядан, Франция, Италия және Жапониядан) тұруға тиісті, арнайы халықаралық әскери сот құру мәселесі де ойға алынған. Әскери қылмыскерлердің жауапкершілігі «Германия немесе оның одақтастарының сотында барлық процестер немесе ізге түсулерден тәуелсіз түрде» келуі керек (228-бап) [23].

Дәл осы байланысты Н.Н. Кравченко былай деп атап өтеді: «Версаль келісімі кате-гориялық түрде халықаралық құқық соғыстың дәстүрлері мен заңдарын бұзуға тыйым салып, заң бұзушы айыпкерлерге (нақты адамдарға) халықаралық қылмыстық жауапкершілікке тартады дегенді мойындайды» [24].

Соғыс дәстүрлері мен заңдарын бұзғаны үшін заңды жауапкершілік маңызды орынды екінші дүниежүзілік соғыстан кейін орын алды. 1945 жылы Нюрнбергтегі және 1946 жылы Токиода халықаралық әскери трибуналдар құрылған кезде орын алған белгілі процестерді айтуға болады. Осылайша, әскери қылмыскерлерге қарсы процесс 1945 жылдың 14 қараша-сынан 1946 жылдың 1 қазанына дейін жалғасты. Нәтижесінде жиырма төрт айыпталушыдан он тоғызы айыпкер деп табылып, олардың ішінде он екісі өлім жазасына кесілді. Қиыр Шығыс үшін халықаралық әскери трибуналдағы қылмыстық процесс 1946 жылдың 3 мамырынан 1948 жылдың 12 қарашасы аралығында жүргізілді. Токио трибуналының сотына Жапониядағы басқарушы шендерді иеленген жиырма сегіз мемлекеттік қызметкер берілді. Айыптаушы үкім жиырма адамға қатысты кіргізіліп, олардың ішінде жетеуі өлім жазасына кесілді [25].

Атап өту қажет, осыған байланысты құқық бұзушылық салдарынан туындайтын зиянның орнын толтыру талаптарына әкелетін өркениеттік концепция төңірегіндегі халықаралық-құқықтық жауапкершілік мәселелерінде «Мемлекеттік акті доктринасы» деп аталатын акті жұмыс атқарды. Нюрнберг процесі мемлекеттік органдардың жасаған және мемлекет қана айыпталатын әрекеттерге сәйкес, бұл доктринаны алып тастады. Бұл акт, осы әрекеттердің орындаушылары болып табылатын, жеке тұлғалардың күнәсін алып тастайды. Сонымен бірге мемлекет басшылары ешқашан сотқа тартылмайды, ондай жағдайда өзінің қол астындағыларының әрекеті үшін жауап бермейді деген көзқарас бар [26].

Нюрнберг процесінің маңызды ерекшелігі, осылайша, процеске кіру жолында айыпталушының мемлекеттік аппараттағы Гитлерлік Германия саясатындағы қылмыстық мақсаттар жайлы білуге мүмкіндік беретін жоғарғы жағдай және соған сай әрекет етуге әкеледі. Бұл жағдайды жұмсартуға қызмет етіп қана қоймай, оның басты қылмыскер ретінде көрінуіне де қызмет етеді. Трибунал «сотталушылардың қызметтік жағдайы, олардың мемлекет басшысы немесе басқа да биліктегі жауапкер шенеунік болуы оларды жауапкершіліктен босату немесе жазасын жеңілдетуге негіз болмайды» дегенді айтады. (Жарғының 7-бабы) [27].

Жалпы, Нюрнберг процесінің тарихи мәні, алғашқыда агрессивті соғыстың халықаралық ауыр қылмыс деп танылғанын, ал соғыс дәстүрлері мен заңдарына, әлемге қарсы, жалпы адамзатқа қарсы қатал қылмыстарды жасаған қылмыскерлер бүкіл әлемдік қоғамдастыққа талқыға түседі. Нацистік қылмыскерлердің халықаралық қылмыстық жауапкершілігінің мәні мұнда, «екінші дүниежүзілік соғыс кезінде адамзатқа қарсы жасалған қылмыстарды жасағандарды жауапқа тарту халықаралық құқықты реттеудің маңызды құралы болып табылады және жаңадан соғыс шығып кету қаупінен қорғауға қызмет етеді [28].

Соғыс жүргізудің жеке тәсілдері мен құралдарын шектеу мен тыйым салуға бағытталған халықаралық-құқықтық нормаларды дамыту мен қазіргі баяндама шеңберінде барлық негізгі нормаларды ұстап қалу, бірақ осы мәселеге халықаралық құқық нормаларын бұзғаны үшін жауапкершілікті байланыстыра отыра, біз, осылай, соғыс дәстүрлері мен заңдарын бұзғаны үшін халықаралық-құқықтық жауапкершілік мәселелерін егжей-тегжейлі талқылау керек деп санаймыз.

Келесі соғыс жүргізу ережелерінің халықаралық-құқықтық маңызды сатысы – бұл БҰҰ-ның құрылуы. Бұл ұйым халықаралық қауіпсіздікті реттеуде және әлем бейбітшілігі үшін маңызды рөл атқарады. 1945 жылғы БҰҰ-ның Жарғысында айқындалған негізгі мәселелерді көрсетуді жөн көрдік:

1. Халықаралық әлемдік қауіпсіздікті сақтау және осы мақсатта әлемнің басқа да немесе агрессивті актілерді бұзу және күш көрсетуге тыйым салудың тиімді жолдарын іздеп, қабылдау немесе бейбіт шешім қабылдау. Әділдік қағидаларымен келісіп, халықаралық тыныштықты сақтау немесе теңқұқықтық сыйлау қағидасына қайшы достас мемлекеттердің арақатынасын бұзуға әкелетін ситуацияларды болдырмау және жалпылық достық қарым-қатынасты орнатуға және мемлекеттерді достастыруға арналған басқа да шараларды қолдану.

  1. Тілі, діні, мәдениеті мен сеніміне қарамастан, адам құқықтары мен еркіндіктерін дамыту арқылы оларға тән экономикалық, қоғамдық, мәдени және гуманитарлық мәселе-лерді шешетін халықаралық қауымдастық құру.

  2. Және осы жалпы мақсаттарға жетудегі ұлттардың келісімге келу әрекеттерінің орталығы болу (БҰҰ Жарғысының 1-бабы) [29].

БҰҰ-ның Жарғысында көрсетілген жоғарыдағы мақсаттарға жету үшін мүше-мемле-кеттер мынадай қағидаларға сай әрекет етуі қажет:

1. «Ұйым оның барлық мүшелерінің егемендік теңдігі қағидасына негізделген». Ұйымға мүше-мемлекеттердің егемендік теңдік қағидасы негізгі деп бекітіледі.

  1. «БҰҰ-ның барлық мүшелері ерікті түрде, Ұйым мүшелері басшыларының мін-деттерінен келіп шығатын міндеттер мен құқықтарды бірге қамтамасыздандыру үшін Жарғыда өздеріне жүктелген міндеттерді атқарады». Бұл ереже БҰҰ Жарғысынан және басқа Ұйым Жарғыларында бекітілген мүше-мемлекеттердің БҰҰ-ға мүше-мемлекеттер ерікті түрде орнату қажеттілігі жайлы норма бекітілген.

  2. «Біріккен Ұлттар Ұйымының барлық мүшелері өздерінің халықаралық дауларын бейбіт жолмен шешеді, себебі халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке, әділдікке қауіп төндірмеу қажет». Бұл ережеге сәйкес, барлық халықаралық даулар мен жағдаяттарды бейбіт жолмен шешу керектігі, яғни осы арқылы қазіргі халықаралық құқық пен ұйым қолданатын құралдар мен механизмдерді пайдалану туралы бекітілген (қайырымдылық қызметтер, келіссөздер, татуластырушылықтар, халықаралық соттық қарау, арбитраж және т.б.).

  3. «Біріккен Ұлттар Ұйымының барлық мүшелері өздерінің халықаралық қатынастарында күштеп қорқытудан немесе оның аумақтық дербес құқықтылыққа ие кез келген мемлекеттің саяси тәуелсіздігіне қарсы қолданудан, я болмаса, Біріккен Ұлттар мақсаттарына сәйкес келмейтін саяси қызығушылықтары үшін халықаралық қатынастарда қарулы күштерді қолдану немесе күштеп қорқытуға жол бермеу жайлы ережені бекітеді».

5. «Біріккен Ұлттар Ұйымының барлық мүшелері колданыстағы Жарғыға сәйкес қабылданатын барлық әрекеттерінде ұйымға қолдан келетін көмекті көрсетеді және Біріккен Ұлттар Ұйымы превентивті немесе мәжбүрлі түрдегі әсерлерді қолданатын кез келген мемлекетке көмек көрсетпейді».

6. «Ұйым, өзіне мүше емес мемлекеттердің өзінің қағидаларына сәйкес, қызмет етуін қамтамасыз етеді, бұл әрекет халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға қажет болуы мүмкін». Көрсетілген қағидалар мүше-мемлекеттер үшін Ұйыммен және өздерінің арасында Жарғыда көрсетілген жалпы мақсаттарға жетуде өзара тиімді қауымдастық құру ережелерін жолға қояды.

7. «Бұл Жарғы ешқашан Біріккен Ұлттар Ұйымына кез келген мемлекеттің ішкі құзырына кіретін істеріне араласуға құқық бермейді, және Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшелерінен мұндай істерін Жарғының шешіміне беруін талап етпейді; бірақ, бұл қағида, VII бөлім негізінде мәжбүрлеу шараларын қолдануға итермелейді» (БҰҰ Жарғысының 2-бабы). Бұл ережеде БҰҰ-ның мемлекеттердің ішкі істеріне араласуына жол бермеу және осыған сәйкес бір мемлекеттің басқа мемлекеттердің ішкі істеріне араласуына жол бермеу нормалары бекітілген. Тек қана БҰҰ-ның Жарғысының VII бөліміндегі ережеге сәйкес, оның мүшелерінің қажеттілігінен туындаған жағдайларда ғана, БҰҰ тарапынан мемлекеттердің ішкі істеріне араласуға болады [30].

Осылайша, БҰҰ қазіргі күнге дейін толық түрде өзі жариялаған міндеттерді атқарады және осы күнге дейін бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздік мәселелері бойынша тиімді халықаралық институт қызметін атқарып келеді деп сеніммен айтуға болады. Бұл адам баласына қарудың жаңа түрлері, оның ішінде, алдымен ядролық қару қауіп төндіріп тұрған қазіргі кез үшін көкейкесті болып табылады. Осыған байланысты 1984 жылдың 12 қарашасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының «Халықтардың бейбіт өмір сүруге құқығы туралы» Декларациясын ерекше атап өту қажет. Сондай-ақ, бұл аталған құжаттың 92 мемлекет тарапынан мақұлдануы барлық адамзат өркениетіне төніп тұрған термоядролық апаттың қаупін жоюға әлем халықтарының ұмтылысын дәлелдейді. Себебі, бұл апат, адамдардың өмір сүру құқығына тікелей қол сұғу және халықаралық қылмыстың жаңа түрі – адамзат өркениеті мен бейбітшілікке қарсы әрекет объектісі болып табылады [31].

БҰҰ-ның қамқорлығы аясында, қақтығыс құрбандарын қорғау және қарулы қақтығыстарды құқықтық регламенттеу сұрақтары прогрессивті даму үстінде. Бұл жалпы алдыңғыдан қауіпті құралдар мен жарақтардың жаңа түрлерінің пайда болуына негіз болатын жанжалдарды шектейді.

Шынын айту керек, құралдардың мұндай түрлерін қолдану жер бетіндегі тіршілік атаулының өмірі мен жердің экожүйесіне тікелей қауіп төндіреді. Осыған байланысты жаңа түсінік қалыптасты және халықаралық қылмыстың жаңа түрі - экоцидке халықаралық-құқықтық квалификация беріледі.

Осылайша, экоцид деген ұғымға бүкіл адамзаттың немесе адамзат қоғамының жеке бөліктерінің денсаулығы мен өміріне тікелей қауіп туғызатын қоршаған ортаға деген зарарды жасап шығаратын халықаралық қылмыс деп анықтама беріледі. Экоцид қылмыс ретінде, әскери экоцидтің құрамдас бөлігіне байланысты, аргессивті соғыстың қайнар көзі болып табылады. Яғни, бұл соғыста жеңу және қарсыласының үстінен әскери мүлікке қол жеткізу үшін табиғи жағдайлар мен құбылыстарды мәжбүрлі түрде қолдану дегенді білдіреді. Осыған байланысты, халықаралық құқықта соғыс санаттарының мүлде жаңа түрлерін бөліп көрсетуге болады:

а) геофизикалық соғыс бұл қолдан ықтиярсыз түрде вулкан атқылату, жер сілкінісі, озон қабатына зақым келтіру, мәңгілік тоңды еріту және басқа да жер құрылымы немесе құрамы, динамикасын қолдан өзгерту жағдайлары дегенді білдіреді;

ә) метеорологиялық соғыс, яғни техникалық және басқа да құралдардың көмегімен борандар, цунами, дауылды, бұршақ жаудыру, көшкіндер, жаңбыр не қар жаудыру және басқа да климаттық өзгерістерді жасау;

б) жаппай қырып-жоюға арналған құралдар және жаппай әрекет ететін басқа да жарақтарды кеңінен қолдану: ядролық, сәулелік, токсиндік, жандырғыш, инфратолқынды, радиобөлшекті қарулар [32].

Қоршаған табиғи ортаға әсер ететін құралдарды қолдануды шектеу және тыйым салу туралы нормативті заңнамаларды қамтитын халықаралық-құқықтық актілерге мыналар жатады: 1925 жылғы Соғыс кезінде тұншықтырғыш, улағыш және сол сияқты басқа да газдар мен бактериологиялық құралдарды қолдануға тыйым салу туралы Протокол; 1972 жылғы бактериологиялық және токсиндік құралдардың қорын жинақтау, жасап шығаруға тыйым салу және оларды жою туралы Конвенция; 1977 жылғы Табиғи ортаға әсер ететін әскери немесе кез келген басқа әрекеттерге тыйым салу туралы Конвенция; 1980 жылғы Шектен тыс зақым келтіретін немесе жаппай әсердегі деп саналатын қарапайым қарулардың нақты түрлерін қолдануды шектеу немесе тыйым салу туралы Конвенция; Жоғарыда атап өтілген 1949 жылғы соғыс құрбандарын қорғау туралы Женева конвенциялары және оларды толықтыратын 1977 жылы қабылданған Протоколдар және т.б.

Осыған байланысты, атап өту қажет, 1977 ж. I Толықтырушы протоколда ғана, қоршаған ортаға үлкен және ұзақ мерзімді зарар келтіреді деп күтілген немесе мақсатты түрде осы зарарды келтірген соғыс әрекеттерін жүргізу құралдары мен тәсілдерін қолдануға тыйым салуға бағытталған нормалар қамтылған (35-бап, 3-тармақ) [33]. Протоколда, сондай-ақ, қоршаған ортаға зиян келтіретін репрессалийлерді қолдануға тыйым салу бекітілген, себебі, олар бүкіл адамзатты толығымен жазалайды. Сонымен бірге «азаматтық тұрғындардың өмір сүруіне қажетті объектілерді қорғау», «қауіпті күштерді қамтитын қарулар мен қондырғыларды қорғау сияқты экологиялық нормалар да бар (54, 56-баптар) [34].

Осыған байланысты, «Мартенс түсіндірмесі» деп аталатын түсіндірме, қоғамдық таным талаптары мен гуманистік қағидалары әсері мен қорғауында азаматтар мен командирлер қалады деген мағынада көкейкесті болып табылады. Бұл берілген нормалардың қолданылуы мен қызметі, қарулы қақтығыс кезінде қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етуде, даусыз тиімді [35].

Тағы бір айта кететіні, БҰҰ-ның қарқынды күш-жігеріне байланысты, 1977 жылы біздің көзқарасымызша, өте маңызды, қарулы қақтығыс кезіндегі экоцидпен күрес жүргізу жөніндегі халықаралық-құқықтық құжат қабылданды. Бұл - Қоршаған ортаға әсер ететін әскери немесе басқа кез келген дұшпандық әрекетті қолдануға тыйым салу туралы Конвенция. Конвенцияның преамбуласында көрсетілгендей, «Осы конвенцияның мүше-мемлекеттері соғыс жүргізуге адамзат баласын жаңа құралдардың қаупінен құтқару ісіне және қатаң әрі тиімді халықаралық бақылауды толығымен және жаппай қарусыздандыруға қол жеткізу мен қару-жарақ жарысып шектеу ісіне үлес тигізуді қалай отырып, сонымен қатар бейбітшілікті нығайтуға деген қызығушылықты басшылыққа ала отырып, ғылыми-техникалық прогрестің қоршаған ортаға әсер ету аймағында жаңа мүмкіндіктерді аша алады деп мойындады. Сондай-ақ, осындай құралдарды әскери немесе кез келген басқа қастандық мақсатта қолдану, халықтың жақсы тұрмыс-халі үшін шектен тыс жаман жағдайларға әкелуі мүмкіндігін түсінеді» [36].

Ең негізгісі, Конвенцияда мүше-мемлекеттердің қарым-қатынасындағы міндеттемелер бекітілген: 1) кез келген екінші мүше-мемлекетке зарар келтіру және зиян тигізу, жою тәсілдері түріндегі кең, ұзақ мерзімді немесе маңызды салдарға ие болуға әкелетін, қоршаған ортаға әсер ету құралдарын дұшпандық мақсатта немесе әскери мақсатта қолдануға жол бермеу; 2) осы аталған Конвенцияға әрбір мүше-мемлекет кез келген мемлекетті, мемлекет топтарын немесе халықаралық ұйымдарды I тармақтағы заңнамаға қарама-қайшы келетін әрекетті жасауға итермелеуге, қолдамауға, көмектеспеуге міндеттемеленеді» (1-бап).

Осыған сәйкес, заманауи халықаралық құқықта қарулы қақтығыс кезінде тікелей жүзеге асырылатын, мүлде жаңа халықаралық қылмыс түрлері пайда болды. Биоцид (өмірдің түгелімен жойылуы) адамзат баласына қарсы халықаралық қылмыс деп танылады. Экоцидтен айырмашылығы, биоцид тек адамға және басқа тірі организмдерге қарсы бағытталған. Сондай-ақ, адамдар мен тірі табиғатты қарулы қақтығыста дұшпаннан әскери мүлікті тартып алу мақсатында жаппай қырып-жою қаруының көмегімен қасақана, жаппай жоюды білдіреді.

Биоцидтің ерекше белгілеріне жаппай жою кезінде, қарулы қақтығыстарда қолданылатын құралдардың ерекшелігін жатқызуға болады:

1. Нейтронды қару адамдарды жойып, бірақ олардың материалдық құндылықтарын сақтап қалуға арналған. Осы уақытқа дейін халықаралық құқық және мемлекеттердің жанындағы ұлттық қауымдастық тарапынан шектелмеген қарулар және соғыс құралдарының бір түрі болып табылады.

2. Бактериологиялық, биологиялық немесе токсинді қарулар. Бұларға 1972 жылғы бактериологиялық (биологиялық) және токсиндік құралдардың қорын жинақтау, жасап шығаруға тыйым салу және оларды жою туралы Конвенция тыйым салады. Бактериологиялық (биологиялық) және токсиндік қарулар жаппай қырып-жою қарулар санатына жатады. Себебі олардың әсері биологиялық қоспалардан жасалған ауыратын
құралдарды қолдануға негізделген. Оның тиімділігі белгілі аумақтағы адамдарға, жануарлар мен тірі жандарға ғана әсер ететін, жабылуы қиын ауыртпалықтарды жабық түрде, аз зақымдайтын дозаны қолданумен анықталады. Сондай-ақ, дұшпанға биологиялық жағынан үлкен әсерін тигізеді.

Жоғарыда көрсетілген Конвенцияға сәйкес, әрбір мүше-мемлекет төмендегілерді ешқашан, қандай жағдай болмасын жасап шығармайды, жинамайды, қандай да бір жолмен иеленбейді және сақтамайды деген міндет жүктелген. Олар мыналар: бактериологиялық немесе басқа биологиялық агенттер мен токсиндер, олардың шығарылған жері мен шығу тегі, қандай түрде немесе қандай мөлшерде болмасын алдын алу немесе басқа да бейбіт мақсаттарға қолданылмайды; қарулар, жоғарыдағыдай агенттер не токсиндерді қарулы қақтығыстар немесе дұшпандық мақсаттарда қолдануға арналған құрал немесе құрылғы.

3. Химиялық қару: қарулы қақтығыста дұшпанның жанды күшін жоюға арналған, құрамына токсинді химикаттар мен оның түрлері кіретін қондырғылар мен оқ-дәрілер.

1993 жылғы 13 қаңтардағы химиялық қаруды жасауға, шығаруға, жинауға және қолдануға тыйым салатын және оларды жою туралы Конвенцияға сәйкес, әрбір мүше-мемлекет мыналарға міндеттемеленеді: a) ешқашан, қандай жағдай да болмасын, химиялық қаруды жасамауға, өндірмеуге, басқа жолдармен қолға түсірмеуге, жинамауға және сақтамауға немесе химиялық қаруды кез келген біреуге тікелей немесе жанама түрде бермеуге; ә) химиялық қаруды қолданбауға; б) химиялык қаруды қолдануды үйрететін әскери жаттығуларды өткізбеуге; в) ешқашан кез келген біреуді осы Конвенцияда мүше-мемлекетке тыйым салған қандай да бір әрекетті жүргізуге шақырмау, көмек көрсетпеу, қолдамау. Мемлекеттер осы Конвенцияның ережелеріне сәйкес, өзінің иелігіндегі немесе билігіндегі, я болмаса, оның бақылау мен заңдары әсер ететін орындарда орналасқан химиялық қару шығаратын кез келген объектіні жою қажет (1-бап).

4. Тұншықтырғыш, улағыш және сол сияқты басқа газдар. Олар адамзатты құртуға арналған, және де жоғарыда қарастырылған, 1925 жылғы соғыс кезінде тұншықтырғыш, улағыш және басқа да сол сияқты газдар мен бактериологиялық құралдарды қолдануға тыйым салу туралы Протоколмен тыйым салынған. Бұған қоса кету керек, халықаралық құқықта қарулы қақтығыс кезінде тұншықтырғыш және улағыш газдарды қолдануға тыйым
салатын нормалардың бар екенін қоса айтамыз.

Атап көрсетілген халықаралық-құқықтық актілерден басқа, сондай-ақ келесі актілерді де көрсетіп өту қажет. Олар 1949 жылғы Женева конвенцияларымен бірге, қазіргі уақытта істерінің мәні бойынша, соғыс жүргізудің жеке тәсілдері мен құралдарын шектеу не тыйым салу мәселелерімен айналысатын халықаралық қауымдастықтың құқықтық негізін құрайды. Біз оларға төмендегілерді жатқызамыз:

- 1954 жылғы Қарулы қақтығыс жағдайында мәдени құндылықтарды қорғау туралы Конвенция;

- 1981 жылғы Жаппай әсер ететін немесе шектен тыс ауыр зақым келтіреді деп есептелетін қарапайым қарудың нақты түрлерін қолдануды шектеу немесе тыйым салу туралы Конвенция;

  • 1989 жылғы Жалшыларды іске тартуға, үйретуге, қаржыландыруға және қолдануға қарсы күрес туралы Халықаралақ конвенция;

  • 1991 жылғы Пластикалық жарылғыш заттарды табу мақсатында таңбалау туралы Конвенция;

  • 1993 жылғы Химиялық қаруды өңдеуге, шығаруға, жинақтауға және қолдануға тыйым салу және оларды жою туралы Конвенция;

  • 1997 жылғы Жаяу әскерге қарсы миналарды қолдануға, қорға жинақтауға, шығаруға беруге тыйым салу және оларды жою туралы Конвенция және т.б.

Соғыс жүргізу ережелерін регламенттеудегі негізгі тарихи-құқықтық сұрақтарды анықтай отырып, осы баяндама шеңберінде көрініп тұрған негізгі ойды белгілеп өтуге болады. Адамзаттың бірінші күннен бастап соғыс зардаптары мен ауыртпашылығын бәсеңдетуге байланысты, бүгінгі күнге дейін, соғыс іс-қимылдарын жүргізудің құралдары мен тәсілдерінің арнайы сұрақтарын қарастырып, оларды реттеуде халықаралық құқықтың рөлі қомақты.





  1. Flores J.–L. L'empechement des violations du droit de guerre // Revue international de la Croix-Rouge. 1991. Mai-Juin. № 789. – P. 264.

  2. Bothe M. Friedenssicherung und Kriegsrecht. Vitztum W.G. Volkerrecht. Berlin, 2001. – P. 642.

  3. Green L.C. The Contemporary Law of Armed Conflict. Manchester, 1993. Chapter 1. – P. 6-7.

  4. История Древнего Востока / Под ред. В.И. Кузищина. – М., 1989. – 396 б.

  5. Заборов М.А. Международные отношения в Европе в XIV-XV вв. // История Европы. – М., 1992. – Т. 2. – 541 б.

  6. Картье Р. Тайны войны. – М., 1968. – 16-б.

  7. Соколов Б.В. Оккупация. Правда и мифы. – М., 2002. – 352 с. – 24-б.

  8. История Древнего Востока. Көрс. еңбек. 354-356 бб.

  9. Беккер К.Ф. История Древнего мира. Восток. Греция. – М., 2001. – 317 с.

  10. Сол жерде. 211-212 бб.

  11. Заборов М.А. Международные отношения в Европе в XIV-XV вв. Көрс. еңбек. 544-545 бб.

  12. Калугин В.Ю. Обязательство Республики Беларусь по пресечению серьезных нарушений международного гуманитарного права и их реализация в уголовном законодательстве // Белорусский журнал международного права и международных отношений. 1998. - № 3. – 15-б.

  13. Жан Пикте. Основные принципы международного гуманитарного права. МККК. – Москва, 1998. – 27-б.

  14. Кальсховен Ф. Ограничения методов и средств ведения войны. – М.: МККК, 1994. – 231 с. – 10-б.

  15. Сол жерде. 13-14 бб.

  16. Сол жерде. 14-б.

  17. Сол жерде. 18-19 бб.

  18. Сол жерде. 19-б.

  19. Сол жерде. 20-б.

  20. Адельханян Р.А. Военные преступления в современном праве. 2-е изд., перераб. и доп. – М.: Научная книга, 2006. – 320 с. – 17-б.

  21. Flores J.–L. L'empechement des violations du droit de guerre // Revue international de la Croix-Rouge. 1991. Mai-Juin. № 789. – P. 264.

  22. Кудайбергенов М.Б. Международное уголовное право: Учебное пособие. – Алматы: Ғылым, 1999. – 362 с. – 17-18 бб.

  23. Сол жерде. 18-б.

  24. Кравченко Н.Н. Официальная Германская доктрина о военнопленных // Известия МИД. – 1966. – 112 с. – 25-б.

  25. Русинова В.Н. Нарушения международного гуманитарного права: индивидуальная уголовная ответственность и судебное преследование. – М.: «Юрлитинформ», 2006. – 192 с. – 35-б.

  26. Historical Sutvey of the Question of International Criminal Jurisdiction. N.Y., 1949. – 388 p. – 2-б.

  27. Кудайбергенов М.Б.Международное уголовное право в документах. Т. 1. – Алматы: Ғылым, 1999. – 264 с. – 77-б.

  28. Кудайбергенов М.Б. Көрс. еңбек. 20-б.

  29. Сборник важнейших документов по международному праву. Ч. 1. – М.: ИМЭП, 1996. – 493 с. – 14-б.

  30. Сол жерде. 15-б.

  31. Красов С.И. Международная уголовная ответственность индивидов (правовые проблемы). Диссер. на соиск. уч. степени канд. юрид. наук. М., 1985. – 6-б.

  32. Панов В.П. Международное уголовное право: Учебное пособие. – М.: ИНФРА-М, 1997. – 309 с. – 62-б.

  33. Основные положения Женевских конвенций и Дополнительных протоколов к ним. – М.: МККК, 1994. – 35-б.

  34. Кальсховен Ф. Көрс. еңбек. 127-128 бб.

  35. Schindler D., Toman J. The Laws of Armed Conflicts. A Collection of Conventions. Resolutions and Other Documents. Dordrecht/Geneva, 1988. – 754 p. – 35-б.

  36. Сборник важнейших документов по международному праву. Көрс. еңбек. 52-б.




Данная статья подготовлена на основе доклада, сделанного на научно-теоретической конференции «XXI век: актуальные проблемы Женевских конвенций о защите жертв вооруженных конфликтов 1949 года», посвященной 60-летию Женевских конвенций о защите жертв войны 1949 года. В статье, на основе историко-правового обзора международных актов, принятых международным сообществом, рассматриваются историко-правовые аспекты юридической регламентации правил ведения военных действий. Также, начиная с древнейших времен и по сегодняшние дни показаны роль и место международных организаций как универсального, так и регионального характера в принятии норм и положений, касающихся правил ведения военных действий.




The given article is prepared on the elements of the report made in scientific and theoretical conference «XXI century: the topical problems of 1949th armed conflicts victims defence of Geneva convention» dedicated to 60th annuversary of Geneva convention of 1949th armed conflicts victims defence. In the article, there are considered the historical and legal aspects of juridical regulation condactions of military operation rules, which is baced on the historical and legal reviey of international documents admitted by the international association. Also, there indicated the role and the spot of international organizations starting whith amcient times till nowedeys, as universal as regional character in regulation acceptance conserned whith military operation wages.


З.М. Баймагамбетова

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Скачать, 6250.92kb.
Поиск по сайту:

Загрузка...


База данных защищена авторским правом ©ДуГендокс 2000-2014
При копировании материала укажите ссылку
наши контакты
DoGendocs.ru
Рейтинг@Mail.ru