Категории:

Бейімді –бағдарлы оқытудың мәселелері: Неге бейімді – бағдарлы оқу жүйесіне көшуіміз керек?

Поиск по сайту:


страница1/5
Дата20.03.2012
Размер0.74 Mb.
ТипДокументы
Содержание
Білім беру жүйесі басшы және
Бейімді-бағдарлы оқытудың мәселелері
Ескерте кететін бір жай бір ғана сыныпта екі бейімді де оқыту мүмкін емес.
Білім салалары және оқу пәндері
Базалық компонент
Инвариантты оқу жүктемесі
Білім салалары және оқу пәндері
Базалық компонент
Инвариантты оқу жүктемесі
Мектеп компоненті
Оқушы компоненті
Жоғарғы шекті жүктеме
Бейімді оқытудың мақсаты
Білім салалары және оқу пәндері
Инвариантты оқу жүктемесі
Оқушы компоненті
Білім салалары және оқу пәндері
Инвариантты оқу жүктемесі
Оқушы компоненті
Типтік оқу жоспарларының айырмашылықтары
...
Полное содержание
Подобный материал:
  1   2   3   4   5

Бейімді –бағдарлы оқытудың мәселелері:

Неге бейімді – бағдарлы оқу жүйесіне көшуіміз керек?

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы №1459 Жарлығы бойынша бекітілген «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасына» сәйкес еліміздегі жалпы орта білім беретін мектептерінің ІІІ сатысы бейімді – бағдарлы оқыту жағдайына көшпек. Және де бұл мәселе, кейін 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшкенде емес, 11 жылдық білім беру аясында 2006-2007 оқу жылынан бастап іс жүзіне асырылмақ.

Кез-келген жаңа нәрсені толық түсіну, оны жүзеге асыру барысында бұған дейінгі тәжірибелерден байқағанымыздай мәселені басқаша түсіну немесе дағдылы жағдайдан шыққысы келмеу сияқты жағдайлардың болатыны сөзсіз. Оның үстіне аталған маңызды мәселе жайлы қазақ тілінде ақпараттың тым мардымсыз болуы (ресми құжаттардан басқа, бейінді оқытуды методологиялық, педагогика-психологиялық, әлеуметтік-социологиялық тұрғыдан талқылаған мақалалар немесе іргелі еңбектер бұл күнге дейін көпшілік талқысына ұсынылған жоқ) да бұл жағдайға өз көлеңкесін түсруде. Осы жағдайларды ескере отырып аталған мемлекеттік мәселе жайлы өз білгенімді, тұжырымдамаларымды көпшілік талқысына салып отырмын.

Жалпы, бейімді-бағдарлы оқыту дегеніміз не?

Бейімді-бағдарлы оқыту дегеніміз оқушылардың қызығушылық бағытының, қабілетінің дамуына жағдай жасайтын және олардың келешекте ие болуға тиісті кәсібіне бейімделуді қамтамасыз ететін оқыту. Ол тек қана мектептің жоғарғы сатысында жүзеге асады. Бесінші немесе сегізінші сыныпта қандай-да пәнді оқытуға оқу жоспарының вариативті бөлімінен бірер сағат қосымша бөліп, біз пәленбай пәнді бейімді-бағдарлы оқытып жатырмыз деуге болмайды.

Бұл жерде туындайтын бірінші мәселе «Неге мектептің жоғарғы сатысы бейімді-бағдарлы болуға тиісті?» деген сұрақ болып отыр. Адамның барлық кезде жаманнан, нашардан, дұрыс еместен, пайдасыздан жақсыға, нашар емеске, дұрысқа пайдалыға ұмтылатыны немесе аз пайда беретін нәрседен көп пайда беретін нәрсеге қарай ұмтылатыны табиғи жағдай. Осы тұрғыдан қарағанда біз неге бүгінгі мектептің жоғарғы сатысын бейімді-бағдарлы оқытумен ауыстырғалы отырмыз? Басқа сөзбен айтқанда бүгінгі мектептің жоғарғы сатысының кемшілігі неде, бейімді-бағдарлы оқытудың жетістігі неде?

І. Қазіргі кезде жалпы орта білім беретін мектептің жоғарғы сатысында жирмаға жуық пән оқытылады. Және олардың барлығының мәртебесі бірдей. Демек, бұлардың бәрінен де бағдарлама мәжесі деңгейінде білім берілуі тиісті. Ол деген сөз оқушыға көп сала бойынша аз-аздан білім беріледі және соның салдарынан оқушылар еш бір саланы терең меңгеруге мүмкіндігі болмайды. Қазіргі кезде әлемде білім беру мәселесі дамуының үрдісінің негізгі ерекшеліктерінің бірі-ол білімнің тез өзгеруі, өмір сүру үшін қажетті мәліметтер ағыны жоғарғы қарқынымен көбеюі (кейбір дерек көздері бойынша адамға қажетті білім мөлшері екі жылда, ал кейбір деректерге сүйенсек он сегіз айда екі еселенуде. Салыстыру үшін айта кетсек, К. Маркстың заманында яғни осыдан шамамен 150 жыл бұрын адамға қажетті білім мөлшері елу жылда екі еселенетін еді).

Сондықтан да бұрынғыдай жеткіншек ұрпақты энциклопедиялық біліммен қаруландыратын уақыт кетті, оған мүмкіндік жоқ, оны заман ағымы көтермейді. Жеткіншек ұрпаққа аз-аздан барлық сала жайлы білім емес, терең бір ғана сала бойынша білім беретін мезгіл келді.

ІІ. Қазақстанның сегіз мыңнан аса мектебінде үш миллионның ар жақ – бер жағында бала оқиды. Оның шамамен жыл сайын 220000-ы жалпы білім беретін орта мектепті бітіреді. Ал жоғарғы оқу орындары үшін бөлінген мектептің гранттардың саны шамамен 30000 (2005 жылы 32000, ал 2006 жылы 32490 болды). Бұл дегеніміз мектеп түлектерінің шамамен 14 пайызы мемлекеттік грант бойынша ЖОО түседі деген сөз. Тағы да осыншама бала дұрыс, жүйелі білім беретін ЖОО ақылы негізде оқуға түседі. Бұл жерде айта кететін бір мәселе статистикалық мәлемет бойынша ақылы негізде оқуға түсетін балалардың саны әрине бұдан әлдеқайда көп. Алайда, көптеген жерлерде ақылы негізде оқытады деген бос сөз. Ондай жерлерде балаға білім берілмейді, әйтеуір «оқып жатыр», «оқып жатырмын» деген алданыш, әйтпесе, қалтасында дипломы бар күзетшілер, жүргізушілер, жолсеріктер, сатушылар әрі-беріден соң «жол-жол» деп айқайға басып жүрген арбакештер қайдан шықты немесе дипломды кадрлардың саны көбейгенімен көптеген сала бойынша мамандардың тапшылығын қалай түсіндіруге болады? Яғни ЖОО ақылы негізде оқып жатқандардың елеулі бөлігі бос жүргендер.

Демек, орта білім алған жеткіншектердің шамамен 30 пайызы мемлекеттік грант, шын мәніндегі ақылы оқу, колледждер, шет елге оқу деген сияқты жағдайлар бойынша білім алуларын жалғастырады. Ал қалған 70 пайызы не оқыған оқу жоқ, дұрыс жұмыс істейін десе мамандығы жоқ әрі-сәрі жағдайда қалады. Сонымен, олардың аз бөлігі кәсіптік білім алуға ұмтылады, ал қалғаны әсіресе ауыл мектебін тәмәмдағандары өз елінде, өз жерінде, ата-бабасы мыңдаған жылдар бойы қанын төгіп қорғаған, ұрпағы үшін қалдырған жерде түріктің, американдықтың, қытайдың немесе корейдің сатып алған немесе құрған фирмасының арзан жұмысшысы болып шыға келеді.

Оның үстіне, бәрбір кейін жоғарғы оқу орнына түспейтін осы 70 пайыз ол дегеніміз шамамен 140000 оқушының 10-шы, 11-ші сыныптарда отыруы ешкімге, атап айтқанда, өзіне, әке-шешесіне, қоғамға пайда емес. Қайта бәріне зиян. Және олардың ең үлкен зияны білім алайын, жоғарғы оқу орнына түсейін деп талпынып отырған, жоғарғы айтқанымыздай 30 пайыз болатын 80000 балаға тиіп отыр. Бұл бағдарламасы күрделі болып есептелінетін 10-шы, 11-ші сыныптардағы оқушылар санының тым көп болуы, олардың тәртібі сияқты мәселелерде көрініс табуда.

Мысалы, психологтардың жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша сыныпта 30 оқушы болса, мұғалім бір сабақта әр балаға тек қана 1 минут уақыт арнай алады екен. Бұл жағдайда қазір көбіміз айтып жүрген «оқыту барысында әр оқушының ерекшеліктерін ескеру» қағидасын іс жүзіне асыру мүмкін ба? Немесе, оқушылардың Ұлтық біріңғай тестілеуге дайындау мүмкін ба?

Демек, біз негізгі мектепті тәмәмдаған барлық оқушыны 10-шы сыныпқа отырғызбауымыз керек. 10 сыныпқа тек қана кейін ЖОО түсемін деген ниеттегі, білім деңгейі жақсы оқушы ғана отыруы керек. Ал басқалары құры салпақтап екі жыл бос жүрмей ерте бастан өмірдегі орнын табуға яғни сан-саналы жұмысшы мамандықтарының бірін иеленуге ұмтылғаны жөн.

Бұл жерде ескеретін бір мәселе Қазақстан Конститутциясы бойынша әрбір азамат орта біліммен қаруландыруға міндетті. Сол себепті – техникалық, кәсіптік – ауылшаруашылық оқу орындарында, мектептерде оқушыларға орта білім алуға мүмкіндік беретін кешкі мектептердің, жұмысшы – жастар мектептерінің тіпті сыртан оқитын 10, 11 сыныптардың жүйесі жасалынуы керек деген ойдамыз.

ІІІ. Мектептің жоғарғы сатысында барлық балаға бірдей білім берілуге тиісті болғандықтан, білім беру деңгейі сөз жоқ орташа балаға лайықталады. Мұның жақсы оқитын балаларға зияны ұшан-теңіз. Атап айтқанда, олардың білімге деген талпынысы, құштарлығы ЖОО түсем деген ниеті не тежеледі, не олар бұл жағдайларды қанағаттандыру үшін мектептен тыс мекемелердің, жекелеген мамандардың құзыреттілігіне жүгінуге мәжбүр болады. Осыдан келіп барып әрбір ЖОО жанындағы ақыл дайындық курстары, оқушыларды ЖОО дайындайтын жекелеген курстар, репетитор арқылы оқыту сияқты мәселелер қазір қалаларда дүрілдеп тұр. Жарайды, интелектуалдық деңгейі жоғары қалаларда мұндай болғанымен ауыл жайлы бұлай дей алмасымыз хақ. Ол дегеніміз барлық мектеп оқушыларына бірдей жағдай жасап отырғанымыз жоқ дегенді білдіреді. Яғни, қазіргі оқыту жүйесіндегі кемшілікті оқушылардың жартысы қандай –да деңгейде жөндей алғанымен, қалғанына мұндай мүмкіндік мүлдем жоқ.

ІV. Бізге ұнасын-ұнамасын, жақсы көреік-көрмейік бір кездері өз бабаларымыз бастап берген ғылым-білім деген ұлы мәселеде бұл күнде бізден алда тұрған әлемдегі дамыған елдердің іс-тәжірибесін ескермеуге қақымызжоқ. Ал оларда (Франция, Голандия, Англия, Шотландия, Швеция, Финляндия, Норвегия, Дания және т.б.) бейімді - бағдарлы оқыту негізінен жүйелі түрде 7- сыныптан соң-ақ басталады.

Өнер-білім-ғылымға ерекше мән берудің арқасында жұмыртқадан жүн қырқып, жоқтан бар жасап отырған бұл елдер егер бейінді оқыту дұрыс болмаған болса оған барар ма еді, барғанның өзінде оған жабысып қалар ма еді. Бір шоқып екі қарайтын жерде ол мүмкін ба?

V. Ресей Федерациясы білім беру министірлігінің «Әлеуметтік зерттеулер» Орталығының жүргізген сауалнамасын нәтижесіне қарасақ (өкінішке орай өзімізде мұндай бағытта А.Қ. Құсайынов, Қ.Ж. Қожахметова, М.Е. Демеуованың ары қарай жалғасын таппай қалған «Біз өз балаларымызды білеміз ба?» деген тақырыппен жүргізген кең көлемдегі зерттеулерінен басқа жұмыстарды айта алмаймыз). Оқушылардың 70/-75 пайызы 9- сынып соңынан болашақта айналысқысы келетін кәсіптерін анықтайды.

Демек, қазіргі кезде кейбір ғалымдарымыз айтып жүрген «9-сыныптан соң оқушы өзіне қажетті оқытудың бағытын саналы түрде айқындай алмайды» деген тұжырыммен келісуге болмайды. Тіпті бұл тұжырым «он үште отау иесі деген» атам қазақтың қағидасымен де мүлде үйлеспейді емес пе?

VІ. Осындай жағдайларды ескере отырып 2006-2007 оқу жылында бейімді – бағдарлы оқытуға көшеді керек. бұл жерде ерекше айтатын бір мәселе мұнда көшеміз, көшпейміз немесе қалай болар екен деген сияқты тұжырымдар болуға тиісті емес. 2006-2007 оқу жылында яғни биылғы қыркүйектің бірінен бастап дайын болсақ та көшеміз, дайын болмасақ та көшеміз. Көшпесе амалымыз жоқ. Себебі, егер бейімді – бағдарлы оқытуға көшпесек онда дәстүрлі жалпы білім беретін 10-сыныпта оқытатын оқу жоспары да, оқулықтары да жоқ.

10-шы сыныптың 2006-2007 оқу жылына арналған оқу жоспарлары да, баспадан шыққан немесе шығып жатқан оқулықтары да тек қана бейімді –бағдарлы оқытуға лайықталған. Демек, біз енді андай-мұндай әңгімені, демагогияны қойып 10-сыныпты бейімді – бағдарлы оқытуға көшірудің жағдайында бас ауыртатын мезгіл жетіп қана қойған жоқ, өтіп кетті немесе күн сайын өтіп барады демекпіз.

Ендігі кезекте мен ойымды «Бізде бейімді-бағдарлы оқыту деген мәселе бұрын болды ма, әлде біз осы шаруаны тақыр жерде бастағалы отырмыз ба?» деген бағытта өрбітпекпін.

Әлемдік тәжірбиеге қарағанда бейімді-бағдарлы оқыту мәселесі өмірге келгеніне 150 жылдай уақыт болды. Оның пайда болуы күрделі технологияға негізделген өндірістің арқасы яғни XІX ғасырдың екінші жартысында қарыштап дамыған ғылым мен білім, өндіріс әр сала бойынша терең білімге ие мамандарды талап етті. Соның салдарынан өмірдегі барлық жағдайдан хабары бар, бірақ бір ғана саланы терең меңгерген мамандарды дайындау қажеттілігі туындады. Осы жағдайдан келіп жеткіншек ұрпақты жастай бейімді-бағдарлы оқыту мәселесі келіп шықты.

Негізін Батыс Европа, Солтүстік Америка мемлекеттері қалаған бейімді-бағдарлы оқыту Ресей империясында да XІX ғасырдың екінші жартысында іс жүзіне аса бастады. Атап айтқанда, 1864 жылғы мектеп реформасы жеті жылдық гимназиялардың екі бағытын анықтады. Олар оқушыларын университетке түсуге дайындайтын классикалық гимназия және оқушыларын практикалық қызметке немесе арнаулы оқу орнына түсуге дайындайтын реальды училищелер (гимназиялар).

Қазан революциясынан кейінгі алғашқы он-онбес жылда бейімді-бағдарлы оқыту мәселесі КСРО-да жаңа мазмұнға ие болды. 1918 жылы білім саласы қызметкерлерінің І бүкіл ресейлік съезінде қабылданған еңбек мектебінің ережесі бойынша орта мектепте жоғарғы сатысында үш бағытта бейімді-бағдарлы оқыту ұйғарылды және олар гуманитарлық, жаратылыстану-математикалық және техникалық деп айқындалды.

Алайда, қоғам дамуының обьективті заңдылығынан туындап отырған осы мәселе КСРО басшылығының керағар саясатынан өз жалғасын таба алмай қалды. 1934 жылы жарық көрген КСРО-дағы бастауыш және орта мектеп құрлымы жайлы партия және үкімет қаулысына сәйкес Кеңес Одағы мектептерінде бір ғана бағдарламамен, бір ғана оқулықпен, бір ғана оқу жоспарымен жеткіншек ұрпақты оқыту көзделінді. Соның салдарынан мектептерден саралап оқыту, бейімді-бағдарлы оқыту мәселелері аластатылды.

Дейтұрғанмен, заман ағыны, қоғам талабы қатаң ұсынымдарға негізделген комунистік қоғамның өзін бірте-бірте өз дегеніне көндіре бастады. 1950 жылдардың аяғында ақ КСРО ғылым-педагогтары жалпы орта біліммен жоғарғы білімнің әсіресе техникалық жоғарғы білімінің арасындағы сабақтастықтың нашарлығынан туындаған мәселелерді ескеру барысында бейімді-бағдарлы оқытуға байланысты ғылыми-зерттеу және экспериментік жұмыстар жүргізе бастады.

Кеңес Одағы кезінде осындай жағдайлардан екінші рет өз өмірін қайта бастаған бейімді-бағдарлы оқытудың әр түрлі формалары бүгінгі ұрпақтың бүгінгі ие болып отырған білім деңгейлеріне өз үлестерін қосқаны анық.

Демек, XX ғасырдың екінші жартысында бұрынғы КСРО мен бүгінгі тәуелсіз Қазақстан мектептерінде факультативтік курстар, жекелеген пәні немесе пәндерді тереңдетіп оқытатын мектептер, спорттық немесе өнер бағытындағы мектептер және қазіргі кезеңдегі лицейлер, колледждер, гимназиялар бейімді-бағдарлы мектептердің не басқа сөзбен айтылған өзі, не оның өте жақын туыстары демекшіміз. Бұдан Қазақстанда бейімді-бағдарлы оқыту мәселесі тақырып жерде басталғалы отырған жоқ деп қорытындылауға болады.


^ Білім беру жүйесі басшы және

ғылыми-педагогикалық кадрлар біліктілігін

арттыратын республикалық институтындағы

Білім мазмұны және сапасы кафедрасының

меңгерушісі Педагогика ғылымдарының Қайыңбаев Жаболат

кандидаты, институт профессоры Тұрсынқожаұлы


^ Бейімді-бағдарлы оқытудың мәселелері:

бейімді-бағдарлы оқыту жүйесіне қалай көшу керек ?


Қазіргі кезде әр мұғалім, мектеп басшылығы, аудандық оқу бөлімі немесе облыстық білім департтаменттері бұрынғыдай тек қана жоғарғы жақтың нұсқауын, бұйрығын орындаушы деңгейінде қалуларына болмайды. Себебі, қоғам дамуының бұл кезеңінде жоғарғы жақ бұрынғыдай атқарылуға тиісті жұмыстың бүге-шігесіне дейінгі нақтылап беріп әр қызметкерді тек қана мүлтіксіз орындаушы, деңгейінде пайдаланбайды, жоғарғы жақ атқарылуға тиісті іс-әрекеттің нормативті – құқықтық негізін қалыптастырады. Ал, әр облыс, аудан, мектеп осы құжаттар аясында қандай-да мәселені іске асу жағдайын өз бастарымен көптеген жергілікті жағдайларды ескере отырып іс жүзіне асыруға тиісті. Себебі, бейімді-бағдарлы оқытудың мақсаты: оқушылардың қызығушылық бағытын, қабілетін, келешекте ие болуға тиісті мамандыққа бейімделуін қанағаттандыру немесе басқа сөзбен айтсақ жеке тұлғаға бағытталған яғни оқытуды дифференциациялау және индивидуализацилау.

Бейімді-бағдарлы оқыту жағдайы да осындай жүйеге негізделген. Ал міндеттері:

- бірнеше пәнді қандай-да деңгейде тереңдетіп оқыту

- оқушылардың жеке қабілеттерін оқыту барысында жан-жақты ескеру

- орта және жоғарғы білім салаларының сабақтастығын жетілдіру.

Демек, мектеп басшылығы, мектеп ұжымы мұнда мынандай мәселелерді өз беттерімен шешуге тиісті.

- мектептің жоғарғы сатысының бейімі

- сыныптың бағдары

- жұмыстың оқу жоспары

- қолданбалы курстардың бағдарламасы, мазмұны

- таңдау курстарының бағдарламасы, мазмұны

- сынып оқушыларын топтарға бөлу т.б.

Әрине, бұл мәселелерді бірден әр мектептің өз бетімен сапалы түрде шешіп кетуі де оңай емес. Сондықтан да осы орайда мен де өз білгеніммен бөліспекпін.

Бейімді-бағдарлы оқытуға көшудің әдістемесі, алгоритмі қандай ? Мұнда мен Қазақстандағы білім стандарттары, бейімді-бағдарлы оқыту мәселелерін шын мәнінде зерттеуші саусақпен санарлық ғалымдардың бірі Сәулеш Дімкешқызы Мұқанованың пайымдауларымен толық келісемін және ол кісінің кейбір пункттеріне өз тұжырымдарымды қоса отрып педагог-мамандарға ұсынамын.

  1. Мектептің жоғарғы сатысының әсіресе оның 10-шы сыныбының бейімі анықталуға тиіс. Жоғарғыда айтқандай қазірше яғни 12-жылдық білім беру жүйесіне көшкенге дейін бейімді-бағдарлы оқытудың екі бағыты айқындалып отыр. Олар қоғамдық – гуманитарлық және жаратылыстану – математикаоық пәндерді бейімдеп оқыту (12-жылдық оқытуда жаратылыстану – математикалық бейімнен технологиялық бейім өз алдына бөлініп шықпақшы).

Мектеп бұл бағыттардың екеуін де алуға немесе біреуін ғана алуға құқылы. Бұл таңдау мынандай жағдайларға байланысты:

а) оқушылардың қызығушылық бағыты, қабілеті, талабы.

ә) 1-9 сыныптарда жүргізілген бейімалды (предпрофильный) жұмыстарының бағыты, мақсаты, мазмұны, ол жұмыстардың нәтижесі. Бұл жағдайды ашыңқырап айтсақ, қазіргі қолданыстағы типтік оқу жоспарларының (бастауыш және негізгі сатыдағы) мектептік және оқушы компонентіндегі сағаттатирды педагогикалық ұжым жүйелі, саналы,сауатты яғни болашақтағы мектептің жоғарғы сатысы былай болады деп ойлай отырып, соған сабақтасып кететіндей деңгейде пайдалана алды ма ? Әлде, ол сағаттар «ойбай, пәленше келер жылы зейнетке шығады, соған дұрысырақ ақшамен шығу үшін» немесе «пәленбайдың жүктемесін бір ставкаға жеткізу үшін» немесе «пәленшенің өзі жақсы, болмаса көзі жақсы» тіпті болмаса «пәленше бәленбайдың балдызы сол үшін» деген пайымдаулар негізінде оқушы мүддесі емес, мұғалім мүддесі ескеріліп пайдаланылды ма ? Егер осы екінші жағдаймен өмір сүріп келсек онда мектепте бейімалды жұмыс жүргізілген жоқ деп біржақты кесіп айтуға болады.

Ал, республика мектептері өзіміз дайындаған типтік оқу жоспарына көше бастаған 1997-98 оқу жылынан бастап (егер 1-сыныптан бастаса), тіпті болмаса 2001-2002 оқу жылынан бастап (егер 5-сыныптан бастаса) жүйелі бейімалды жұмыстар жүргізген мектептер оқушыларын жоғалтпай әртүрлі бағыттағы, бағдардағы 10-сыныптарды еркін аша алады.

б) мектеп мұғалімдерінң кәсіби деңгейі. Қандай-да бағыттағы сыныптар ашу үшін сол сыныптарға сабақ беретін мамандардың бар-жоғы ескерілетіні айқын. Егер мектеп математика пәні мұғалімі жалпы білім беретін орта мектеп математикасының есептерін зорға шығарып жүрсе онда ол математиканы әрі теориялық әрі пратикалық тұрғыдан қандай-да деңгейде тереңдетіп оқыта ала ма ? Математика бойынша қолданбалы, таңдау курстардың бағдарламасын жасай ала ма, мазмұнын анықтай ала ма ? Демек, бұл жағдайда математиканы бағдарлап оқытатын сыныпты ашу аса қауіпті болуы мүмкін.

в) мектептің материалдық – техникалық жағдайы.

г) көрші мектептердің немесе көрші ауылдағы мектептердің жоғарғы сатысының бейімі. Бұл жағдайды ескеру қажеттілігі мынадан туындап отыр. Егер А ауылындағы мектептің жоғарғы сатысының бейімі қоғамдық – гуманитарлық бағытта болса, онда онымен көрші Б ауылындағы мектептің жоғарғы сатысы жаратылыстану – математикалық бағытта болғаны жөн. Себебі, бірлі-екілі оқушулардың өз ауылдарында ашылған 10 сыныптың бейімі мен өз талаптары сәйкес болмауына байланысты бір мектептен екінші мектепке ауысу жағдайы болуы мүмкін.

Негізінен осындай жағдайлар ескеріле келе мектепте ашылуы мүмкін не екі бейімдегі 10 сыныптар немесе бір ғана бейімдегі 10-сынып.

^ Ескерте кететін бір жай бір ғана сыныпта екі бейімді де оқыту мүмкін емес.

II. 10 сыныптың бейімі анықталған соң осы сынып үшін жұмыстың оқу жоспары дайындау мәселесі қолға алынады.

10-сыныптың жұмыстық оқу жоспары дегеніміз – типтік оқу жоспарлары негізінде, оқыту бейімі ескеріліп, жалпы білім беретін оқу орындарында жасалатын нормативті құжат.

Демек, жұмыстың оқу жоспарын дайындау үшін 10-сыныптың алынған бейіміне қарай мемлекеттік деңгейде бекітілген екі бағыттағы типтік оқу жоспарының бірі (егер 10-сынып біреу болса) немесе екеуі (егер 10-сыныптар екеу болса және әр 10-сынып әр бағыттағы бейімді таңдаса, немесе 10-сынып екеу болып және екуеі де бір ғана бейімді таңдағанның өзінде де) негізге алынады. Демек, жұмыстың оқу жоспарын дайындау мәселесі.

Типтік оқу жоспарлары қазіргі кезде әр мектепте бар «Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. Негізгі ережелер» атты құжаттың 32 және 33 беттерінде келтірілген. Және де бұл типтік оқу жоспары осы жердегіге қарағанда практикалық тұрғыдан тағы да жүйеленіп, ыңғайланып С.Мұқанованың «Проектирование рабочих учебных планов пролфильного обучения в 10-11 классах общеобразовательных учебных заведений» атты әдістемелік құралының 38 (сызба № 1) ,37 (сызба № 2) беттерінде келтірілген. Менің ойымша, практик-педагогтарға осы екінші құралдағы типтік оқу жоспарлары ыңғайлы (Ескерте кететін жай бұл жоспарлардың бір-бірінен теориялық айырмашылығы жоқ).

Бұл 10,11- сыныптарға арналып жасалған типтік оқу жоспарларынан 10-шы сыныпқа арналған жұмыстың оқу жоспарын шығарып алу үшін практик – педагогтар мұндағы қолданбалы курстар, таңдау курстары мәселелерін толық түсінулері керек.

а) Қолданбалы курстар дегеніміз - бағдарлы пәндер бойынша оқушылардың білімін тереңдетуге, кеңітуге және олардың қандай-да қолданылуы жайлы оқушыларда білім қалыптастыруға арналған курстар.

Жалпы бағдарлы пән дегеніміз – жалпы орта білім беретін оқу орындарындағы саралап оқыту сипатын анықтайтын оқу пәні. Егер оқытудың бейімі жаратылыстану математикалық болса, онда бағдарлы пәндер математика, физика, химия, биология, география,информатика пәндерінің ішінен таңдалады. Егер оқытудың бейімі қоғамдық-гуманитарлық болса, онда бағдарлы пәндер қазақ тілі, қазақ әдебиеті, орыс тілі, шет тілі, жалпы тарих, Қазақстан тарихы, қоғамтану негіздері, құқық пәндерінң ішінен таңдалады. (Ал таңдау сипаты жайлы мәселені алда айтпақпыз)

ә) Таңдау курстары дегеніміз – оқушылардың талап-тілегін, қызығушылығын қанағаттандыруға арналған курстар. Олар сыныптық бейімі мен бағдарына байланысты болуы мүмкін немесе байланысты болмауы да мүмкін. Сол сияқты әр бейімдегі типтік оқу жоспарларының айырмашылықтарын мына сызбадан байқауға болады




Басты ерекшеліктері

Қоғамдық-гуманитарлық бейім

Жаратылыстану – математикалық бейім

1

Модульдер саны

VII

VI(Өнер блогы оқытылмайды)

2

Пәндер саны

19

18

3

Ішінен бағдарлы пәндер таңдалатын пәндер

Қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі, шет тілі, жалпы тарих, Қазақстан тарихы, қоғамтану негіздері, құқық

Математика, физика, химия, биология, геграфия, информатика

4

Ішінен бағдарлы пәндер таңдалмайтын пәндер

Математика, физика химия, биология, география, информатика

Қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі, шет тілі, жалпы тарих, Қақақстан тарихы, қоғамтану негіздері, Құқық

5

Екі бейімге ортақ пәндер

Технология, физкультура, алғашқы әскери дайындық, этика мен психология (жоспардың мектептің компонентіндегі пән).

6

Бір ғана бейімге тән пән

өнер

-------
  1   2   3   4   5

Скачать, 3053.35kb.
Поиск по сайту:

Добавить текст на свой сайт


База данных защищена авторским правом ©ДуГендокс 2000-2014
При копировании материала укажите ссылку
наши контакты
DoGendocs.ru
Рейтинг@Mail.ru