Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы

Поиск по сайту:


НазваниеПедагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы
страница4/11
Дата31.03.2012
Размер1.97 Mb.
ТипДокументы
Смотрите также:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

^       Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім немесе техникалық және кәсіптік білім (арнайы орта, кәсіптік орта) орта буын маманы біліктілігімен.

^ 4. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта
және жалпы орта білім беру жүйесінің, интернаттық және қосымша
білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға
теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының біліктілік сипаттамасы

^ Біліктілікті арттыру институтының директоры

      Лауазымдық міндеттері: Институттың оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік, әкімшілік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметін қолданыстағы заңнамаларға сәйкес басқарады. Барлық құрылымдық бөлімшелердің жұмысын және өзара тиімді әрекетін ұйымдастырып, қызметін дамытуға бағыттайды. Институт қызметін мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін әлемдік білім кеңістігіне кіріктіру, алыс және жақын шет елдердегі алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарымен, ғалымдармен білім беру мәселелері бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту шараларын жүзеге асырады және қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды белсенді пайдаланады және дамытады. Институтты басқару құрылымын белгілейді. Институттың жарғысын, ішкі әртіп ережесін, курстардың, семинарлардың оқу-тақырыптық жоспарларын, штаттық кестесін, институт қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді. Басқа да оқу іс-шараларын әзірлейді және бекітеді. Білім беру қызметін жүргізу құқығына берілген лицензияға сәйкес тыңдаушыларға арналған педагог қызметкерлердің біліктілікті арттыру және қайта даярлау курстарын ұйымдастыруға бақылау жүргізеді, ол үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз етеді. Белгіленген заңнама шегінде институттың мүлкі мен қаражатына өкім жүргізеді. Оқу-материалдық базаны толтыруды, оның есебі мен сақталуын, институттың ішкі тәртіп ережесі мен жұмыс тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді. Ғылыми-педагогикалық және тәрбие процесінің қажетті деңгейін қамтамасыз ететін кадрларды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, олардың кәсіби деңгейін арттыруға жағдайлар жасайды. Институттың Ғылыми кеңесінің жұмысына басшылық жасайды.
      Институтты мемлекеттік, қоғамдық, ғылыми және басқа да ұйымдарға таныстырады, қажетті есеп дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.
      ^ Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Ғылым туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңдарын және басқа да білім беру саласының бағыттары мен келешегін дамытуды анықтайтын нормативтік құқықтық актілерді; педагогика мен психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын; андрогогика, синергетика негіздерін; педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін; менеджмент, экономика негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет негіздерін; еңбек туралы заңнамаларды, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелер мен нормаларды; санитарлық ережелер мен нормаларды.
      ^ Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім, педагогика ғылымдарының докторы немесе кандидаты дәрежесінің болуы және білім беру ұйымдарында немесе білімді басқару органдарында 5 жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы тиіс.

^ Біліктілікті арттыру институты директорының орынбасары

      Лауазымдық міндеттері: Нормативтік құқықтық актілерге және институттың жарғысына сәйкес институт құрылымының қызметіне басшылық жасайды. Институттың оқу, ғылыми, әдістемелік және шаруашылық қызметтерін жоспарлайды, ұйымдастырады және бақылау жасайды. Курстық және курсаралық іс-шараларды оқу, бағдарламалық-әдістемелік және ғылыми алып жүруге басшылық жасайды және бақылауға алады. Баспа жұмысын басқарады. Алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарымен және ғылыми-зерттеу орталықтарымен ынтымақтастықты ұйымдастырады. Білім беру ұйымдарының барлық деңгейінің, білім беруді басқару органдарының және әдістемелік қызметтің басшылық, ғылыми-педагогикалық және әдістемелік кадрларының біліктілігін арттырудың сабақтастығы мен үздіксіздігін қамтамасыз етуге бақылау жүргізеді. Институттың құрылымдық бөлімшелері үшін кадрларды іріктейді және институт басшыларына ұсыныс жасайды. Әдістемелік кабинеттердің, кафедралар мен басқа да құрылымдардың қызметкерлеріне кеңес береді, олардың жұмыстарын үйлестіреді, әдістемелік құрамды аттестаттауды ұйымдастырады. Қажетті есеп беруді әзірлеп, ұсынуды қамтамасыз етеді.
      ^ Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Ғылым туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді; педагогика мен психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын; менеджмент, андрогогика, синергетика негіздерін; педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін; қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды; еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын; санитарлық ережелер мен нормаларды.
      ^ Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім, педагогика ғылымдарының докторы немесе кандидаты дәрежесінің және білім беру ұйымдарында немесе білімді басқару органдарында басшы лауазымында 5 жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы тиіс.

^ Орталықтың (кешеннің) директоры

      Лауазымдық міндеттері: Орталық (кешен) туралы жарғыға және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес орталық (кешен) қызметінің барлық бағыттарына басшылық жасайды. Орталықтың (кешеннің) басқару құрылымын, штаттық кестесін анықтайды және бекітеді.
      Орталықтың стратегиясын, даму мақсаты пен міндетін анықтайды, орталықтың (кешеннің) даму бағдарламасын, орталықтың (кешеннің) бейініне сәйкес балалармен жұмыс істеу жөніндегі білім беру бағдарламасын, жарғысы мен ішкі тәртіп ережелерін, басқа да нормативтік актілер мен әдістемелік құжаттарды әзірлеуді, бекітуді және оның орындалуын ұйымдастырады. Бюджеттен бөлінген ақшаны және басқа да көздерден түсетін қаражаттарды орынды пайдалануды қамтамасыз етеді. Заңнамада белгіленген шекте орталықтың (кешеннің) мүліктері мен құралдарына өкім жүргізеді. Оқу-материалдық базаны есепке алуды, олардың сақталуы мен толығуын қамтамасыз етеді.
      Орталықтың (кешеннің) бейініне сәйкес республикадағы өңірлік ұйымдар желісінің дамуына ықпал етеді. Республикадағы және шетелдердегі қоғамдық ұйымдармен (қауымдастықтармен, кеңестермен т.б) өзара әрекетті ұйымдастырады.
      Ғылыми-педагогикалық және тәрбие процесін қажетті деңгейде қамтамасыз ететін кадрларды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады. Қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін анықтайды, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдайлар жасайды. Қызметкерлердің шығармашылық бастамаларын ынталандырады және көтермелейді.
      Орталықтың Ғылыми кеңесінің жұмысына басшылық жасайды. Қажетті есеп беруді әзірлеп, ұсынуды қамтамасыз етеді.
^       Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Ғылым туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді; педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын; педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін; қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды; еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын; санитарлық ережелер мен нормаларды.
      ^ Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім, орталық (кешен) бейініне сәйкес білім беру ұйымдарында басшы лауазымындағы еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс, педагогика ғылымының докторы немесе кандидаты дәрежесінің болуы және орталық (кешен) бейініне сәйкес білім беру ұйымдарында басшы лауазымындағы еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс.

^ Орталық (кешен) директорының орынбасары

      Лауазымдық міндеттері: Орталық (кешен) жарғысына және басқа да нормативтік актілерге сәйкес құрылымдық бөлімшелер қызметін басқарады. Орталықтағы оқу, ғылыми, әдістемелік қызметті жоспарлайды, ұйымдастырады және бақылайды. Өткізілетін іс-шараларды оқу, бағдарламалық-әдістемелік, ғылыми алып жүру дайындығына басшылық жасайды және бақылайды. Баспа қызметін басқарады. Құрылымдық бөлімшелер үшін кадрлар іріктеуді жүзеге асырады және оларды басшыға ұсынады. Өңірлік құрылымдардағы қызметкерлерге кеңес беруді, орталық зертханасының қызметін үйлестіруді жүзеге асырады. Әдістемелік құрамды аттестаттауды ұйымдастырады. Орталықтың (кешеннің) білім беру процесінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлейді, ақпараттық материалдарды жүйелейді және дайындайды, балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі білім беру бағдарламаларын әзірлеуді, рецензиялауды және бекітуге дайындауды ұйымдастырады, өңірлік орталықтар, эксперименттік алаңдар қызметінің нәтижелеріне талдау жасайды және хабарлайды.
      ^ Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Ғылым туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді; педагогика мен психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын; педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін; қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды; еңбек негіздері туралы заңамаларды; санитарлық ережелер мен нормаларды.
      ^ Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім, орталық (кешен) бейініне сәйкес білім беру ұйымдарында басшы лауазымындағы еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс, педагогика ғылымының докторы немесе кандидаты дәрежесінің болуы және орталық (кешен) бейініне сәйкес білім беру ұйымдарында басшы лауазымындағы еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс.

^ Білім беру ұйымының директоры
(бастауыш, негізгі орта және жалпы орта)

      Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесе отырып іске асыруды ұйымдастырады. Жұмыс жоспарын, бағдарламалар мен жұмыс жоспарларын бекітеді. Бекітілген учаскедегі балаларды жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз ету заңына сәйкес жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз етеді. Оқу-тәрбие процесін ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын ұйымдастырады және жетілдіреді. Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың дамуын қамтамасыз етеді. Педагогикалық ұйымдар, әдістемелік бірлестіктер, балалар ұйымдары қызметіне ықпал етеді. Білім беру құқығы лицензиясына сәйкес оқушылар, тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, оқушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың арасынан шыққан тәрбиеленушілердің заңды құқығы мен мүдделерін (жеке, мүліктік, баспаналық, еңбек және басқа да) қорғайды, олардың туысқандық байланысын қолдай отырып, оларға жағдай жасайды.
      Тәрбиеленушілер мен білім алушыларды асырап бағу үшін белгіленген мөлшерден кем емес жағдаймен қамтамасыз етеді. Оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдай жасайды. Оқушыларды қорғау және олардың денсаулығын нығайту мақсатында тамақтану және медициналық қызмет көрсету жұмысын ұйымдастырады және оған бақылау жүргізеді. Белгіленген заңнама шегінде білім беру ұйымының мүлкі мен құралдарына басшылық етеді, жыл сайын құрылтайшылардың қаржылық және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы есебін береді.
      Нормативтік талаптарға сәйкес есеп жүргізіп, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі ережесін, санитарлық-гигиеналық режимді, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау үшін жауап береді.
      Педагог кадрларды және қосымша қызметшілерді іріктеуді және жұмысқа тартуды жүзеге асырады, басқару құрылымын, қызметкерлердің штаттық кестесін, лауазымдық нұсқаулығын бекітеді, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды. Педагогикалық кеңесті басқарады. Белгіленген тәртіп бойынша қызметкерлерді аттестаттауды жүргізеді. Қызмет барысында айрықша көзге түскен оқытушылар мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерін өзінің құзыретіне қарай марапаттауға және көтермелеуге ұсынады және өз құзыретінің аясында жаза белгілейді.
      Жұртшылықпен, ата-аналармен (немесе оларды алмастырушылармен) байланысты жүзеге асырады. Мемлекеттік және басқа да ұйымдарда білім беру ұйымын танытады, қажетті есеп құжаттарын дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.
      ^ Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Неке және отбасы туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", "Арнайы әлеуметтік қызмет туралы", "Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді; педагогика мен психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын; педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін; менеджмент негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды; еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын;санитарлық ережелер мен нормаларды.
      ^ Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және білім беру ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.

Білім беру ұйымы директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары
(бастауыш, негізгі орта және жалпы орта)

      ^ Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымының қызметін перспективалық болжауды және ағымдағы жоспарлауды ұйымдастырады. Оқу-тәрбие процесінің, ғылыми-әдістемелік және әлеуметтік психологиялық қамтамасыз етілу жағдайын талдайды. Педагогтердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен жоспарларының орындалуын, сондай-ақ қажетті оқу, оқу-тәрбие, оқу-әдістемелік құжаттамаларды әзірлеу жұмыстарын үйлестіреді. Білім беру процесінің сапасына және жалпы білім беру стандарттарының шеңберінде білімді меңгеру нәтижесінің объективтілігіне бақылау жасайды.
      Оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырылуын, оқу процесіне қазіргі заманғы жаңа технологияның енгізілуін қамтамасыз етеді. Білім алушыларға ағымдағы және қорытынды аттестаттау, мемлекеттік аралық бақылау және тестілеу өткізуді ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді. Білім алушылардың оқу жүктемесіне бақылау жасап, сабақтардың кестесін және басқа да оқу қызметінің түрлерін құрады.
      Білім беру ұйымдарының оқу процесін жетілдіру мақсатында, пәндік әдістемелік бірлестіктер және эксперименттік жұмыстарын үйлестіруді жүзеге асырады, оқу-тәрбие процесін ғылыми-әдістемелік және әлеуметтік-психологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастырады.
      Эксперименттік жұмыстардың нәтижелерін қорытындылайды және талдау жасайды. Педагогтердің анағұрлым нәтижелі тәжірибелерін тарату бойынша шаралар қабылдайды. Педагог кадрларды іріктеуге және орналастыруға қатысады. Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру және аттестаттауды өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.
      Оқу зертханалары мен кабинеттерін қазіргі заманғы жабдықтармен, көрнекі құралдармен және техникалық оқыту құралдарымен жарақтандыру, әдістемелік кабинеттер мен кітапханаларды оқу-әдістемелік және көркем әдебиеттермен толтыру жұмыстарын жоспарлайды. Оқу-тәрбие процесінде пайдаланылатын жабдықтардың, приборлардың, техникалық және көрнекі құралдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
      Білім алушыларға медициналық қызмет көрсету жағдайына бақылау жасайды. Белгіленген есеп құжаттамасының сапалы және уақытылы жасалуын қамтамасыз етеді.
      ^ Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Неке және отбасы туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", "Арнайы әлеуметтік қызмет туралы", "Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді; педагогика мен психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын; педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін; еңбек туралы, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын; санитарлық ережелер мен нормаларды.
      ^ Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім, педагогикалық жұмыс өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс.

Білім беру ұйымы директорының бейінді оқыту жөніндегі
орынбасары
(бастауыш, негізгі орта және жалпы орта)

      ^ Лауазымдық міндеттері: Оқушыларды бейінді оқыту жүйесін іске асыру жоспарын әзірлейді. Бейінді оқытуды қолданбалы және элективті курстардың бағдарламаларын әдістемелік-бағдарламалық қолдауды қамтамасыз етеді. Жоғары (бейінді) сыныптарды жинақтау үшін объективті негіз ретінде негізгі мектепті бітірушінің қорытынды білім беру рейтингісін жасайды. Бейінді оқыту, әр түрлі деңгейлі бағдарламарды енгізу бойынша білім беру ұйымдарының қызметін перспективалық болжауды және ағымдағы жоспарлауды ұйымдастырады. Педагог қызметкерлердің кәсіби шеберлігін және біліктілігін арттыру мақсатында педагогикалық ұжымның қызметін алдыңғы қатарлы педагогикалық озық іс-тәжірибені тарату бойынша, оқушыларды диагностикалау жүйесін, бейінді оқыту шеңберінде оқушылар мен ата-аналарға кеңес беру мазмұнын әзірлеуде, мұғалімдердің әдістемелік бірлестігінің жұмысын ұйымдастыруға инновациялық технологияларды ұйымдастыру және сынау бойынша үйлестіреді.
      Түрлі деңгейдегі білім беру бағдарламаларын таңдау мүмкіндігін, "мектеп-жоо", "мектеп-колледж-жоо" үздіксіз білім беру жүйесіндегі оқу жоспарлары бойынша оқытуды, ғылымды зерделеуге кәсіби қабілеттілікті ашуды, әрі қарай білім алу бейінін таңдау мақсатында пәндерді терең меңгеру үшін түрлі циклдерді өзіндік таңдауды қамтамасыз етеді. Жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарымен бірігіп, кәсіби бағдарлау жұмысын жүргізеді.
      Есеп құжаттамаларының белгіленген тәртіпте сапалы және уақытылы жасалуын, оның дұрыстығын және берілуін қамтамасыз етеді.
      ^ Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын; педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін; экономика негіздерін; қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды; еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын; санитарлық ережелер мен нормаларды.
      ^ Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім, педагогикалық жұмыс өтілінің 3 жылдан кем болмауы тиіс.

Білім беру ұйымы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
(бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім)

      ^ Лауазымдық міндеттері: Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды, оқушыларды тәрбиелеу бағдарламаларын жасауды, оларды іске асыру бойынша жаңа тәсілдерді қамтамасыз етеді. Тәрбиелеу процесінің проблемаларына, тәрбие жұмысының нәтижелеріне, тәрбие жұмыстары саласындағы жағдайлар мен перспективалық мүмкіндіктерге талдау жасайды. Тәрбие жұмысының ағымдағы және перспективалық жоспарлауын ұйымдастырады. Аға-жетекшілер, ұзартылған күн тобының тәрбиешілері (ҰКТ), сынып жетекшілері дене тәрбиесі-сауықтыру және көркемдік-эстетикалық циклдің қосымша білім беру педагогтері қызметін жоспарлауды және бақылауды жүзеге асырады. Тәрбие жұмысы жөніндегі, мәдени-тәрбие шараларды дайындау және өткізу жөніндегі қажетті әдістемелік құжаттамаларды әзірлеу бойынша жұмысты үйлестіреді; педагогикалық қызметкерлер өткізетін тәрбие процесін қамту мен өткізу сапасына жүйелі бақылауды жүзеге асырады. Девиантты мінез-құлықты балалармен жеке тәрбие жұмысына бақылауды жүзеге асырады. Педагогикалық кадрларды іріктеуде және орналастыруда қатысады, тәрбиелік жұмыстармен айналысатын педагог қызметкерлердің біліктілігін және кәсіби шеберлігін арттыруды ұйымдастырады. Жұртшылық және құқық қорғау органдары, ата-аналар, білім беру ұйымының ата-аналар комитеті өкілдерімен тәрбиелеу үрдісін қамтамасыз ететін оқу орнының әкімшілік, қызметтер мен бөлімшелер өкілдерінің өзара іс-қимылын үйлестіреді. Оқушыларға медициналық қызмет көрсету жағдайына бақылауды жүзеге асырады. Тәрбиелеу процесінде қолданылатын құралдар, техникалық және көрнекілік құралдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
      Белгіленген тәртіпте есеп құжаттамаларының сапалы және уақтылы жасалуын, анықтығы мен тапсырылуын қамтамасыз етеді.
      ^ Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Неке және отбасы туралы", "Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", "Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" заңдарын және білім берудің даму бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді; педагогика, психология негіздерін; жалпыға міндетті білім беру стандартын; педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылымның және практиканың жетістіктерін, экономика негіздерін, қаржы-шаруашылық қызметтері туралы заңнамаларды, еңбек, еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік және өртке қарсы қорғау нормалары мен ережелерін, санитарлық нормалар мен ережелерді.
      ^ Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім, педагогикалық лауазымындағы еңбек өтілі 3 жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы тиіс.

Білім беру ұйымы директорының балаларды әлеуметтік қорғау ісі
Реклама:




1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Скачать 1.97 Mb.
Поиск по сайту:
Разместите кнопку на своём сайте:
Генерация документов


База данных защищена авторским правом ©GenDocs 2000-2011
При копировании материала укажите ссылку
обратиться к администрации
Уроки, справочники, рефераты
Учебный материал

Рейтинг@Mail.ru